Шаралар

«Экономика мен қалалық даму салаларындағы энергия тиімділікті арттыру үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті енгізу проблемалары мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы республикалық семинар-жиналысын өткізу қорытындысы

28 шілде 2016 ж.
«Экономика мен қалалық даму салаларындағы энергия тиімділікті арттыру үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті енгізу проблемалары мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы республикалық семинар-жиналысын өткізу қорытындысы

Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде ҚР Инвестиция және даму министрлігі, «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ  (бұдан әрі – Институт) мен Қазақстан – Жаһандық экологиялық қоры БҰҰ даму бағдарламасының ұйымдастыруымен «Экономика мен қалалық даму салаларындағы энергия тиімділікті арттыру үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ) енгізу проблемалары мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы республикалық семинар-жиналысы өтті.

Құттықтау  сөзді ҚР ИДМ индустриялық даму мен өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Энергия үнемдеу мен энергиятиімділікті арттыру бойынша Басқарма басшысы О. Әлібеков сөйледі.

Семинар-жиналыстың жұмысы барысында Институт өкілі, Сараптама, жобаларды басұару мен мониторинг орталығының директоры А. Қабыкенов баяндама жасады. Өз баяндамасында А. Қабыкенов Институт миссиясын, МЖӘ механизмін ашып көрсетіп, Энергиятиімділік картасы бойынша түсініктеме берді.

«Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» ПРООН-ГЭФ жобасының менеджері А. Белый «Әріптестіктің төмен көміртекті дамуы үшін МЖӘ бастамаларын жүзеге асыруды қолдау» тақырыбындағы өз баяндамасында төмен көміртекті  қалалық дамуға ауысудың оң нәтижелерін: заманауи энергиятиімді және энергия үнемдейтін  технологияларды енгізу,  экономиканың энергия сыйымдылығын төмендету, сондай-ақ, «жасыл» секторға инвестиция тарту туралы айтып өтті. Аталған жоба Қазақстан Үкіметіне жоғары тиімді қалалық инфрақұрылымға инвестицияға себепші болып, Қазақстандағы ірі және шағын қалалардың тұрақтылығын нығайтуға ықпал етері сөзсіз.

«МЖӘ Қазақстандық орталығы» АҚ Төрағасы А. Құтпанбетов ҚР МЖӘ жүзеге асырудың қазақстандық тәжірибесі туралы  баяндады. МЖӘ негізгі салаларын: құрылыс мен сумен жабдықтауды пайдалану, сумен жабдықтау мен су ресурстарын тазарту, пенитенциарлық жүйелер, әуежайлар, денсаулық сақтау, көлік, инфрақұрылым, т.б. құраған. МЖӘ жобаларын жүзеге асырған кезде 3 негізгі проблеманы бөліп қарастыру қажет: құрылыстың ұзаққа созылуы немесе қабылданған нормативтерді сақтамау, талаптарды төлемеу немесе құрылысқа қаражаттың жеткіліксіздігі немесе сұраныстың жеткіліксіздігі немесе ауытқу.

 Семинар-жиналыстың жұмысы барында сессиялар өткізіліп, олардың бірінде А. Тілеубаев биліктің орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері үшін МЖӘ жобаларын жүзеге асыру алгоритмі мен ерекшеліктерін түсіндірді. Сондай-ақ, МЖӘ жобаларына бастамалық ету мен бизнес-құрылым өкілдері үшін оларды жүзеге асыру алгоритмдері айтылды.

Семинар-жиналыс энергиятиімді қалалық даму үшін МЖӘ механизмдері бойынша жобаларды жүзеге асыру тәсілдері мен тәжірибесімен танысу, сондай-ақ, орын алған кедергілер мен оларды шешу жолдарын бағындыру бойынша талқылау  мақсатында жүргізілді. 

Семинар-жиналыстың негізгі аудиториясы бизнес-құрылым өкілдері, МЖӘ үлгілері бойынша сарапшылар, энергия сервистік компания жетекшілері, жергілікті атқарушы органдар өкілдері мен МЖӘ жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық тудырған тұлғалар құрады.

Республикалық семинар-жиналыс қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 29 шілдесінде ҚР Инвестиция және даму бойынша Бірінші вице-министрі А.П. Раудың жетекшілігімен селекторлық жиналыс өткізіліп, оның барысында энергия үнемдеу мен энергия тиімділік  саласындағы МЖӘ жобаларының сұрақтары талқыға түсті.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow