Қазақстан Республикасының энергия тиімділік картасы

Қазақстан Республикасының энергия тиімділік картасы


город Алматы город Астана Кызылординская область Акмолинская область Алматинская область Костанайская область Северо-Казахстанская область Карагандинская область Актюбинская область Западно-Казахстанская область Атырауская область Мангистауская область Южно-Казахстанская область Жамбылская область Павлодарская область Восточно-Казахстанская область

Қазақстан Республикасының энергия тиімділік картасы

«Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт жоспарының 59 қадамды жүзеге асыру асында Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті арттыру туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) энергия тиімділік картасын қалыптастыру жүргізу бөлігіне өзгертулер енгізілді. Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №1130 бұйрығымен «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ (бұдан әрі – Институт) энергия үнемдеу мен энергиятиімділікті арттыру саласындағы ұлттық даму институты болып анықталды.

 Заңның 30-бабына сәйкес Институт энергиятиімділік картасын қалыптастырады және жүргізеді, энергиятиімділік картасына іріктеу, сараптама мен жобаларды енгізуді (қаржылық, заңдық және техникалық консультациялар) жүзеге асырады.

Елбасының қойған міндеттерін жүзеге асыру, сондай-ақ, Заңды орындау мақсатында Институт энергиясервистік келісімшарт қағидасы бойынша қаржыландыруға дайын энергия үнемдеу мен энергиятиімділікті арттыру саласында жоба іздеуге кірісті. 

Энергиясервистік келісімшарт тартылған энергиясервистік компанияның қаражаты (жеке, несиелік) есебінен, жеке шығындардың орнын толтыру мен энергияшығынның іс жүзінде қол жеткізілген үнемділігінен қаржылық табыс алу арқылы тапсырыс берушінің кәсіпорнына энергия үнемдейтін технологияны енгізу бойынша жұмыстар кешенін мамандандырылған энергиясервистік компанияның орындауын болжайды.

Энергия үнемдейтін технологияларды енгізу – бұл әрбір нақты кәсіпорынның нарықтағы өміршеңдігі, оның бәсекеге қабілеттілігі мен даму келешегі туралы сұрақ. Жеке қаражаттар жоқ кезде барынша тиімді әрекет нұсқасы энергиясервистік келісімшартты қолдану арқылы жаңарту болып табылады.

Айта кетерлігі, энергиясервистік келісімшарттың өзге энергия үнемдейтін іс-шараларды қаржыландыру түрінен негізгі қағидаға сай айырмашылығы кәсіпорынға жеке қаражатын салудың қажет еместігі болып табылады. Яғни, кәсіпорын қаржылық шығынға ұшырамай-ақ, жаңа құрылғы иелену мен энергиятиімді технологиялар енгізу мүмкіндігіне ие болады.

Энергиясервистік келісімшарт жасасқан жағдайда қаржылық шығындардың көп бөлігін өзіне энергиясервистік компания жүктейді. Жобаны жүзеге асыруға кеткен барлық шығындар энергия ресурстарын қол жеткізілген үнемдеу есебінен толтырылады.

Қазіргі таңда отандық және халықаралық энергиясервистік компаниялармен энергиятиімділік картасы жобасын жүзеге асыруға оларды тарту туралы келіссөздер жүргізілуде, энергиясервистік компаниялардың қалыптасқан тізімі жақын арада хабарланатын болады.

Нақты ақпаратты келесі нөмірлер арқылы алуға болады:

тел.:+7 7172 91 65 73, +7 7172 91 65 74 эл.адрес: karta-2020@mail.ru

"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13-қаңтардағы № 541-IV Қазақстан республикасының Заңы

"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ Қазақстан республикасының Заңы

Энергиятиімділік картасын қалыптастыру мен жүргізу, энергиятиімділік картасына жобаларды іріктеу мен қосу қағидалары

Энергиятиімділік картасына жобаны қосу үшін қажетті құжаттар тізімі

Құжаттарды толтыру үлгісі - *doc

Энергиятиімділік картасына жобаны қосу туралы өтініш

Жоба құжаты

Энергиятиімділік картасы бойынша презентация  



ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow