Жаңалықтар

«Қазақэнергиясараптама» АҚ ИСО 50001 Энергетикалық менеджментінің халықаралық стандартын ең алғаш болып енгізеді

14 наурыз 2012 ж.

Наурыздың 14-жұлдызында Астана қаласында ИСО 50001 Энергетикалық менеджментінің халықаралық стандарты бойынша мамандарды оқыту басталды. Семинардың ұйымдастырушылары ЖШҚ «ДКС-Ост», DQS-UL MSS сертификаттау органының ресми өкілі және «Қазақэнергиясараптама» АҚ, Энергия тиімділікті арттырудың Кешенді жоспарының әзірлеушісі және ҚР ИЖТМ негізгі координаторы болды. ИСО 50001 стандарты энергия үнемдеу бойынша  әр түрлі елдердің ең тиімді бағыттарын біріктірген және басқару тәжірибелерін ең үздік кешендерін көрсетеді. Бұл стандарт дүниежүзінің бүкіл елдерінде қабылданған. Энергия менджменті стандартын енгізу энергия аудит өткізу және өндірістің ең энергия сыйымды орындарын табу, сондай-ақ келешекте энергия сыйымдылықты төмендету бойынша шараларды қабылдау үшін және энергия тұтынылуын оңтайландыру үшін жасалады.

Қазақстанда 2011 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті ең бірінші болып ИСО 50001 халықаралық сертификациясынан өткен болатын.

«Қазақэнергиясараптама» АҚ осы халықаралық стандарт бойынша сертификатталған, республиканың екінші ұйымы болады.

Дүние жүзілік тәжірибені және ТМД елдерінде стандарттың енгізілуі туралы айтатын болсақ, ірі компанияларды атап кеткен жөн, олардың қатарында «Лукойл», «Северсталь», «Газпром», аталған компаниялар Ресейде осы стандарт бойынша сертификатталған.

Жапон компаниясы Toyota энергия менеджментін енгізген соң, 2002 жылы өнім бірлігінің энергия сыйымдылығын 23 %-ға дейін төмендеткен болатын, яғни осыдан миллиард АҚШ долларлары үнемделген болғаны сөзсіз.

Қазақстанда халықаралық стандарт бойынша сертификатталуға көп қызығушылықты мүнай-газ  өндіретін компаниялары, атап айтқанда Қазтрансойл, Қазтрансгаз және  «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы да бар. 

Осы оқыту курсын тамамдаған соң, «Қазақэнергиясараптама» АҚ сарапшылары сәйкес біліктілікті иеленгені туралы сертификатқа ие болады  және кәсіпорындарда энергия тиімді тұтынылуының дербес бағыттарды әзірлеуге мүмкіндік алады, сондай-ақ осы стандарт бойынша Қазақстан кәспорындар өндірісінің энергия сыйымдылығын төмендету жолдарында кеңестерін бере алатын болады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow