Жаңалықтар

Жаңартылатын энергия көздерінің мәселелері бойынша АҚШ-та өткен NREL халықаралық тренингіне «Қазақэнергиясараптама» АҚ қатысты

09 желтоқсан 2011 ж.

Тренингке Қазақстан өкілдері ретінде ҚР Индутрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры Бөкенбаев Жақып Құттыбекұлы, «Қазақэнергиясараптама» АҚ Президенті Есімханов Сұңғат Қуатұлы, сарапшылар Құланбай Абай Құланбайұлы мен Бөлекбаева Райгүл Базарбайқызы, «Маңғыстау электр желілерін тарату компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Берлібаев Ануар Әмірбайұлы, «Самрұқ-Энерго» АҚ, Корпоративтік басқару мен перспективалық даму департаментінің менеджері Капенов Нұрлан Нұрғалиұлы қатысты.

Тренинг қатысушылары электр энергетикалық жүйесі мен  жеке шаруашылық үшін аз қуатты ЖЭК пайдалануды қолдауды интеграциялау мәселелерін талқылады.

SAM (System Advisory Model – консультативтік жүйе моделі) бағдарламасын қамтамасыз ету және қазақстандық жобаларда практикалық тұрғыдан пайдалана білуге үйренді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларын талқылау үшін NREL қаржыландыру және ЖЭК бойынша саясат  бөлімінің тобымен дөңгелек үстел басында отырыс ұйымдастырылды.

Сонымен қатар NREL объектілері бойынша тур және бағдарламалар бойынша шолу (энергиясы нөлге тең жаңа ғимарат, биомасса бойынша зертханалар,  PV және CSP) оздырылды.

Шаралар барысында тренинг қатысушылары ЖЭК мәселелерін, осы саладағы технологиялар инновациясын дамыту және Қазақстан Республикасында оларды шешудің жолдарымен байланысты мәселелерді талқылады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow