Жаңалықтар

«Қазақэнергиясараптамасы» АҚ Орал қ. «Зачаганск» қосалқы станциясын бағалау бойынша сараптама жұмысын жүргізуге кірісті

27 желтоқсан 2011 ж.

Объектіні тапсыру елеулі мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды.

Қала және Батыс Қазақстан облысы үшін маңызды осы ірі объектінің құрылысы электротехникалық жабдықтың отандық тауар өндірушісі – «Alagium Electric» компаниясына сеніп тапсырылды, ол мұндай күрделі электротехникалық  кешеннің бірінші қазығынан бастап, жабдығын іске қосу мен баптауға дейінгі жұмысты жүргізді.

Қазіргі уақытта «Қазақэнергиясараптамасы» АҚ-ның Батыс-Қазақстандық өкілдігі келісімшарт негізінде пайдалануға қосу алдында қабылданған жобалық шешімдерге және  ҚР  нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне аяқталған құрылыс дерегі бойынша осы энергетикалық объектіні бағалаудың сараптама жұмысын жүргізуге кірісті.

Мерейтой қарсаңында осы маңызды стратегиялық объектіні пайдалануға қосу аудан тұрғындарының, әсіресе қысқы уақытта, электрмен қамтамасыз етудегі көптеген проблемалық мәселелерін шешеді, болашақта екі мектеп, бес балабақша салу көзделуде, аудандық аурухананың құрылысы, инженерлік желілер және ғимараттар, тұрғын үйлер мен жеке меншік құрылыстар, инфрақұрылымның әрі қарай дамуы  жүргізілуде.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow