Осы тапсырма аясында энергия сыйымды өндіріс кәсіпорындарында энергоаудит жүргізу мен энергия үнемдеудің мақсатты индикаторын анықтау, мемлекеттік- жеке серіктестік жұмысын қарқындату үшін нормативті- құқықтық базасын жақсарту және энергия үнемдеу жобаларына жеке инвестиция көздерін тарту, сонымен қатар мамандарды дайындау жорамалданады.
Сонымен қатар «Қазақэнергиясараптама» АҚ-н энергетикалық сараптаманы дамытудың жаңа «институты» деп атауға болады. Бұл сатыда біздің мамандар шетелдік инженерлермен және ғалым-машықтанушылармен бірге энергетикалық сараптаманың теориялық және техникалық аспектілерін игереді.
Энергия үнемдеу саласында едәуір тәжірибесі бар «HOWEST» белгиялық жетекші зерттеу және білім беру орнымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Қазіргі уақытта «Қазақэнергиясараптама» АҚ үшін энергетикалық аудит және энергетикалық менеджмент саласында мамандар дайындалуда.
Сонымен қатар біздің сарапшылар Еуроодақтың қолдауымен INOGATE халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша ұтып алған гранттары аясында энергия тиімділік семинарларына қатысады.
Сондай-ақ энергия менеджерлерін оқыту үшін (ИСО 50001:2011 стандарты бойынша) біз UNIDO – мен ынтымақтастықты реттейміз. Шілде айының соңында энергия тиімділік бойынша бірлескен семинар өткізу жоспарлануда.
Бұл қадамдардың барлығы «Қазақэнергиясараптама» АҚ-ның жұмысы халықаралық деңгейде жүзеге асырылып әлемдік стандарттарға негізделу үшін энергия үнемдеу саласында халықаралық ұйымдар тәжірибелерін жете және жан-жақты игеруге бағытталған.
Біз әрқашан біздің қызметтеріміздің сапасын жетілдіру мен жақсартуға тырысамыз, себебі энергетикалық сараптаманы жүргізу – энергиямен қамтамасыз ету сенімділігі үшін ғана емес, сонымен қатар адам өмірі үшін жауапты.