Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік қадағалау және бақылау комитеті мен Беларусь Республикасы Энергетика министрлігі Ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойды

10 қазан 2011 ж.

Меморандумда мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының қызметін регламенттеуші заңнамалардың үндестігі, ірі технологиялық бұзушылықтарды тексеруде тәжірибе алмасу, энергия үнемдеу ұйымдары мен тұтынушылардың күз-қыс маусымындағы жұмысқа нормативтік дайындығымен танысу қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбек: «Кеден Одағы аясындағы Беларусь Республикасымен сауда-экономикалық қатынасы өндіріс, сауда, денсаулық сақтау, ғылыми- техникалық және тағы басқа салаларда ойдағыдай жүзеге асырылады. Осы меморандумға қол қойылуы – электрэнергетикасы саласында екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту қадамы. Қазақстан Республикасы Вице-Премьері, Қазақстан Республикасы Индустрия  және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша энергия үнемдеудің беларустық жүйесінің тәжірибесін және электрэнергетикасы саласындағы нормативті-құқықтық құжаттарды жете  игеруді жоспарлаудамыз. Сонымен қатар Беларусь Республикасының Мемэнергияқадағалау органдарының қызметтері бізді қызықтырады. Бұл динамикалық құрылым, қызметкерлердің саны мың жарым адамға дейін жетеді және бұл технологиялық бұзушылықтардың туындауы барысында жылдам ілтипат білдіруіне және жалпы жұмыстиімділігіне ықпал етеді. Мысалы, беларустың энергия жүйесінде технологиялық бұзушылықтардың орташа көрсеткіші орташа еуропалықтан аспайды, энергетикалық кәсіпорындарда жарақаттанушылық жағдайлар мен апатты азайтудың оң динамикасы байқалады. Қазақстанның Мемэнергияқадағалау органы  беларустық әріптестерімен өзара белсенді қарым-қатынаста болуды мақсат тұтуда және біздің ынтымақтастығымыздың жемісті, әрі екі тарапқа да пайдалы болатындығына сенімдімін».

Сапар барысында қазақстандық делегация Энергетика мен газды қадағалау басқармасына, Энергия тиімділігі департаментіне, «Минскэнерго» РБК, Минск ЖЭО-2, «Белэнергонадзор» АҚЖ-на барады деп жорамалдануда.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow