Жаңалықтар

Астанада «Энергияны бірге үнемдейміз!» атты энергия үнемдеу туралы Заңының өз күшіне ену себебіне байланысты баспасөз өткізілді

25 шілде 2012 ж.

26-шілдеде ҚР «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» туралы Заңы өз күшіне енеді. БАҚ өкілдеріне  Заңның және 2015 жылға дейінгі Энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспарын таныстыру рәсімін бейресми жағдайда жасау ұйғарылды, және де бұл шара 25-шілдеде астаналық кофеханалардың бірінде өтті.

Журналисттердің сұрақтарына «Қазақэнергиясараптама» АҚ Президенті Сұңғат Есімханов және ҚР ИЖТМ Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің Энергия үнемдеу басқармасының бастығы Әлібек Қабылбай жауап берді.

Сұхбат беру барысында, журналисттер Қазақстанның қандай энергия үнемдеу саясатын ұстанғаны, энергия үнемдеу бойынша қандай нақты шаралар қолданылғаны, энергия менеджерлері және ірі зауыттарға энергия аудиті қажеттігі, бизнес пен мемлекетке қанша қаражат үнемдейге болатыны, энергия үнемдеу қондырғыларын енгізуге қандай экономикалық ынталандырулар бар екендігі, энергия үнемдеу шамдарының адам денсаулығына әсері, Қазақстанның қай жерінде энергия үнемді қондырғыларды шығаратыны, сондай-ақ мамандарды дайындау жайлы көп мағлұмат алды.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow