Жаңалықтар

Энергияны үнемдеу: өзімізден бастайық! Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында ашық сабақ

10 ақпан 2012 ж.

Ашық сабақтар ай сайын өткізіледі. Оқушыларға түсінікті әдіспен энергия үнемдеу деген не, қандай энергияның табиғи көздері бар және оны қалай пайдалануға болады, тұрмыста энергия үнемдеудің қандай шаралары бар екені және басқа да көп нәрселер жеткізілді. Талқылау барысында балалар энергияны үнемдеу бойынша есептер шығарып, мектеп пен үйде жарық пен жылуды үнемдеуді үйренуде. Сабақ аяқталғаннан кейін оқушылар бүктеме, бетбелгі және басқа да материалдар алады, оларда көркем және қызықты түрде энергияны үнемдеу шаралары бойынша іс жүзінде кеңестер беріледі. Әр өткізілген сабақтан кейін сарапшылар жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдердің сауалдарын, оқушылардың әсерлерін ескере отырып, тұсаукесер материалдардың мазмұны мен түрінің сапасын жақсартуға тырысады. «Қазақэнергиясараптама» АҚ бұдан әрі де мұндай іс-шараларды астаналық мектептерде ғана емес, республика бойынша да жалғастыруды жоспарлауда.

Сонымен қатар, «Қазақэнергиясараптама» АҚ жоғары сынып оқушылары арасында «Энергияны үнемдеп, біздің астанамызды сақтаймыз!» атты мектеп жобасының байқауын өткізуге бастамашылық етті. Екі тур қорытындысы бойынша қазылар алқасы энергияны үнемдеу бойынша 20 жобалық-зерттеу жұмысын іріктеп алады, олардың ішінен жеңімпаздар анықталады. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтар алады. Сөйтіп, оқушылардың энергияны үнемдеу «мәдениетін» тәрбиелеуден бастап, энергияға дұрыс көзқарастың іргетасы қаланады және оны үнемдеу бойынша базалық білімдер мен дағдылар қалыптастырылады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow