Жаңалықтар

Астана қаласында франко-швецариялық фирма жаңартылатын энергия көздері жөніндегі жобаларын алғаш рет таныстырды

25 қаңтар 2012 ж.

Компания өкілдері жел электр станциялары мен су электр станциялары үшін, атап айтқанда Шардары және Кербұлақ СЭС-нің құрылысында қолданылатын жабдық жобаларын ұсынды.

Осындай жабдық АҚШ пен Канадада табысты пайдаланылуда, ол өзінің экологиялылығымен ерекшеленеді,

Кездесуге ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ-нің, ЖЭК жөніндегі комитеттің, «Самрұқ- Энерго» АҚ-ның, «KEGOC» АҚ-ның, «КИРИ» АҚ-ның және басқа ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мамандардың бағалауы бойынша, Қазақстан – жел энергетикасын дамыту үшін қолайлы әлемнің бірден- бір елі. Республикамыздың жарты территориясындағы желдің орташа жылдық жылдамдығы- 4-5 м/с, ал аудандарында бұл көрсеткіш 6 м/с жетеді.

Қазақстандағы су энергиясының жалпы әлеуеттік қоры оның әлемдік қорынан шамамен 0,5% құрайды. Республикамыздың 2000 өзенінен шамамен 5% ғана шағын СЭС-ның құрылысы үшін жарамды.

Республикамыз күн энергиясының ресурстары тұрақты және тиімді болып табылатын, күн сағаттарының саны 2200-3000 сағатты құрайтын  бірнеше климат зоналарын алып жатыр.

Министрлік халықаралық компаниялар және институттармен ынтымақтаса отырып,  әлемдік тәжірибені талдауды жүзеге асырады, ұдайы семинарлар, тренингтер, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты реттеу мақсатында тұсаукесерлер өткізіледі.

zakon.kz ақпараттық порталдың материалдары бойынша


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow