Жаңалықтар

GDF SUEZ Француз компаниясы «Қазақэнергиясараптама» АҚ серіктес болуға мүдделі

27 наурыз 2012 ж.

Астана қаласында 2012 жылдың 27-наурызында «Қазақэнергиясараптама» АҚ және Қазақстандағы GDF SUEZ француз компаниясының өкілдерімен  іскерлік кездесу өтті. Кездесу барысында компаниялар арасында энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру саласы бойынша екі жақты қатынастар сөз етілді.

Қазақстанның өндірістік секторындағы энергия аудитін жүргізу мүмкіндігі мен жобаларға жаңа технологияларды тарту қарастырылды. Сондай-ақ келіссөздің бір бөлімі энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті арттыру саласының заңнамалық бөлімін талқылауға берілді.  Қазақстандағы GDF SUEZ француз компаниясының өкілі, Хайке Либольд Қазақстанның энергетикалық нарығында энергия үнемдеу саласында жаңа технологияларды енгізу мен бағдарламалық қамтамасыз ету тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін атап айтты.

Ынтымақтастықтың бастапқы сатысында «Энергия үнемдеу: Қазақстан мен Франция Заңнамасы» атты ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен GDF SUEZ жалпы семинарын өткізу болады, бұл семинар қазақстандық заңнаманың оң және терісін көрсету үшін арналған болады. Сондай-ақ семинар қатысушылары GDF SUEZ әзірлеген жаңа технологияларды және бағдарламалық қамтамасыз етудің енгізу мүмкіндіктері талқылайтын болады.

Сондай-ақ, француз компаниясы нарықты толық талдау және жаңа технологияларды тиімді енгізу үшін Қазақстанның өндірістік кәсіпорындарында энергия аудитін жүргізуді мақсат тұтып отырғанын ашып айтты. 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow