Жаңалықтар

Ғаламдық энергия тиімділігі 3 есе артты, бірақ бұл климаттың өзгеруімен күресу үшін жеткілікті емес

13 қазан 2016 ж.
Ғаламдық энергия тиімділігі 3 есе артты, бірақ бұл климаттың өзгеруімен күресу үшін жеткілікті емес

Халықаралық энергетикалық агенттік (бұдан әрі - ХЭА) дербес ұйым болып табылады, оның жұмысы 29 мүше, сондай-ақ одан тыс елдер үшін сенімді және қол жетімді таза энергияны қамтамасыз ету болып табылады. ХЭА-нің бағыттарының бірі энергияны тұрақты дамуға қол жеткізу құралы ретінде энергия тиімділігі болып табылады. Энергия тиімділік энергия шығындарын азайту, энергетикалық қауіпсіздік, халықтын денсаулығынын және қоршаған ортанын сапасының жақсаруы, сондай-ақ климаттың өзгеруін баяулату сияқты көптеген артықшылықтарға әкеледі.

ХЭА-нің жылдық есебі бойынша 2015 жылы энергия тиіміділігіне инвестициялар 220 млн. АҚШ доллар құрады.

ХЭА энергетикалық тиімділігі басқармасының бастығы, Брайан Мозеруэй сұхбатында жақын арада энергия тиімділігін кем дегенде 50% -ға арттыру қажеттігін атап өтті.

Мысалы, Қытай соңғы 15 жылда өзінің энергия сиымдылығын 30%-ға жақсартты, бұл энергия тиімділік жалпы жаңартылатын энергия көздерімен шығарылатын энергиясына сай. Ал Бразилия, Үндістан, Мексика және Индонезия энергия тұтыну бөлігін ғана энергия тиімділік стандарттарынмен қамтылған, бірақ бұл елдер 2000 жылдан бері айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Осылайша, энергия тиімділігін арттыру – неғұрлым тез орындалатын және климаттың өзгеруі проблемасын шешуде барынша әсер алуға мүмкіндік беретін басым бағыт болып табылады.

http://www.greentechmedia.com/articles/read/global-energy-efficiency-has-tripled-but-its-not-enough-to-curb-climate-cha


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow