Жаңалықтар

«Қазақэнергиясараптама» АҚ IBM-мен бірігіп Қазақстандағы энергия үнемдеуді түсіндіріп тарату тұжырымдамасын әзірлейді

16 шілде 2012 ж.

«Қазақэнергиясараптама» АҚ  Ынтымақтасытық жайлы дүние жүзіне мәлім IBM компаниясының серіктестігі, сондай-ақ менеджментті құру мен жобаларды басқару саласында жетекші болып табылатын CDC Development Solutions (CDS) ұйымымен Қазақстандағы энергия үнемдеуді «насихаттауды» дамыту мәселесі бойынша Меморандум жасады. Осы жобаның қаржыландырылуы мен техникалық көмек көрсетуді дүниежүзілік жәрдем беру ұйымы USAID көрсетті.

CDC Development Solutions (CDS) компаниясы көп жылдар бойы үлкен жобаларды IBM  компаниясының тәжірибелі мамандарын тартумен, әртүрлі елдерге менеджментті құрастыру бойынша көмек бағдарламаларын жүзеге асыруда.

Бір ай бойы IBM компаниясының өкілдіктерінен алынған әр елден келген бес маман Қазақстан халқы арасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша насихаттау шарасының ақпараттық дамуына өз үлестерін қосатын болады.

Осы жобаның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша насихаттау концепциясы жасалынатын болады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow