Экономикасы дамып келе жатқан елдерге энергия тиімділік саласында саясат әзірлеуге жәрдемдесу мақсатында, халығаралық энергетикалық агенттік (International Energy Agency IEA) ұйымдастырған, ағымдағы жылдың 13 және 14 қазан аралығында Франция астанасында энергия тиімділік саласында бірінші жоғары-бейіндік «Innovative Action to Accelerate Progress» конференциясы өтті.
Бұл конференция тиімділігін арттыру және энергия тұтынуды азайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында негізгі жаһандық мәселелерді талқылау үшін жоғары мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен бизнес көшбасшылары қатысты. Конференцияның ерекше назары табандылық әрекеттерді насихаттау мақсатында тәжірибе мен білім алмасуға бөлінді. Энергия тиімділік саласындағы жаһандық тенденция бойынша IEA соңғы талдауы талқыланды. Конференция Қытай, Үндістан, Латын Америкасы, Африка, АҚШ, Еуропа және Жапония баяндамалары тыңдалды.
Конференция барысында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Ержанов А.К. басқармасымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» өкілдерімен және Халықаралық энергетикалық агенттігінің өкілдері арасында екіжақты кездесу өтті. Келіссөздер барысында ЕО-ның энергетика, энергия үнемдеу және энергия тиімділік салаларындағы жобаны қайта іске қосу арқылы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық энергетикалық агенттігі арасындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.