Жаңалықтар

«Энергия тиімді Қазақстан» атты Республикалық суреттер сайысының қорытындысы

13 қараша 2012 ж.

Білім күнінен бастау алған, «Қазақэнергиясараптама» АҚ ұйымдастыруымен Халықаралық энергия үнемдеу күніне арнап өткізілген, «Энергия тиімді Қазақстан» атты білім беру мекемелерінің оқушылар арасындағы  Республикалық суреттер сайысының жеңімпаздары анықталды.

Осы сайыстың басты мақсаты энергия тиімділіктің бағытын насихаттау, сондай-ақ ҚР энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жж. арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру және мектеп оқушыларын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне жақындастыру.

Осы сайыста еліміздің барлық аймақтарынан 936 суреттер жіберілді, ал ең белсенді облыстар қатарында Ақмола, Қостанай, Ақтөбе сондай-ақ Астана және Алматы қалалары атанды.

Сайыс жеңімпаздарының тізімі:

Бірінші санат (1-5 классы) бойынша Сайыс жеңімпаздары:

- Фёдорова Яна Анатольевна – Қостанай облысы Қостанай ауданы

Заречный ауылының орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы;

- Зайцева София Игоревна – Талдықорған қаласының № 12 мектеп-гимназиясының  3 «Д» оқушысы;

- Советник Никита Андреевич – Қарағанды қаласының № 20 орта мектебінің  4 сынып оқушысы.

Екінші санат (6-9 сынып) бойынша Сайыс жеңімпаздары:

- Ярошенко Анастасия Ивановна – Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылының Абай Құнанбаев атындағы № 2 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы;

- Қуанышова Әсем Абжанқызы – Тараз қаласының № 24 мектеп-гимназиясының  7 «А» сынып оқушысы;

- Мұратова Ноя Муратқызы – Атырау облысы Исатай аудан Тұщықұдық ауылының Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектебінің  9 «Е» сынып оқушысы.    

Үшінші санат (10-11 сынып) бойынша Сайыс жеңімпаздары:

- Зарлық Гаухар Азамат-қызы – Көкшетау қаласының № 12 орта мектебінің 11 «А» сынып  оқушысы;

- Шрайбер Регина Викторовна – Қостанай облысы Қостанай ауданы

Владимир ауылының Орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

- Кислухина Оксана Дмитриевна – Степногорск қаласының А.П. Гайдар атындағы № 8 орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы.

Сондай-ақ Сайыс комиссиясының шешімімен барлық қатысушыларға Адғыс хаттарды таратылды.

Сайыс жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар мен Дипломдар қараша айының екінші жартысында марапатталатын болады. 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow