Жаңалықтар

Каспийлік энергетикалық форумы

04 шілде 2012 ж.

Шілденің 3-і мен 5-і аралығында Астана қаласында Халықаралық энергетикалық агенттігі ұйымдастырған Каспийлік энергетикалық форумы өтті. Осы форум және оқыту Каспий аймағындағы елдерін энергия үнемдейтін технологиялар келешегі жайлы бағытталған, сондай-ақ энергия тиімділік және жаңғыртпалы энергия көздері бойынша жетекші тәжірибемен адмасу  үшін энергетика мәселелері бойынша оқыту модульдерін өткізді.  

Қазақстандық жақтан форумға ҚР Мұнай және газ министрлігінің, ҚР Индустрия және жаңа технологиялары министрлігінің, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің,  «ҚазМұнайГаз» АҚ,  «Қазақэнергиясараптама» АҚ және Назарбаев атындағы университеті өкілдері және т.б. қатысты. Сондай-ақ осы форумға Әзербайджан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан және Моңғолия елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері, сонымен қатар Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және дамыту банкі, USAID және БҰҰДБ ҒЭҚ ат салысты. Халықаралық диалог барысында энергия үнемдеу технологияларды енгізу мәселесі, энергетикалық саясатын құру, Жаңғыртпалы энергия көздерін (ЖЭК) дамыту, энергия тиімділікті арттыру жобаларын қаржыландыру үлгілері мен құралдары және т.б. айтылды.

Форум қорытындысында, 2012-2015 жылдарына арналған ҚР Энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспарын жүзеге асыру бойынша Халықаралық энергетикалық агенттігімен келешектегі серіктестікті нығайту, халықаралық тәжірибемен отын-энергетикалық балансын құру және Қазақстанның энергетикалық саясатын дамыту шешімі қабылданды.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow