Жаңалықтар

Қазақстандық сарапшылар Еуропа одағының «Мэрлер Келісімі – Шығыс» тәжірибелік семинарына қатысты

05 наурыз 2012 ж.

Соңғы екі жылда бастамаға 3580 қала және 46 ел қосылды. 2011 жылы Даму және ынтымақтастық жөніндегі Еуропа Комиссиясы EuropeAid-пен «Мэр Келісімдері Шығысқа бағыт алды» жобасын бастады, ол «Мэрлер Келісімінде» Шығыс серіктестігі мен Орталық Азия елдері қалаларының қатысуын қолдауды көздейді. Армения, Грузия, молдова және Украина да жобаға қосылды. 2 астана, Тбилиси мен Вознесенск энергетиканың тұрақты дамуы бойынша бірінші іс-қимыл Жоспарын ұсынды.

 «Мэрлер Келісімінде» Шығыс серіктестігі елдерінің қатысушы-қалалары тұрақты даму бағдарламасын қосымша қаржыландыру, техникалық көмекке қолжетімдік, басқа (еуропа) қалаларымен тәжірибемен алмасу, ақпарат көздеріне қолжетімдік, маркетинг қызметін, климат өзгерісі мәселесін қаланың даму саясатына және қалалық жоспарлауға енгізуге мүмкіндік және басқа да артықшылықтар алады.

Семинар барысында аймақтың, әр елдің сарапшы-практиктері Орта Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа қалаларының тұрақты энергетикалық даму Жоспарының мысалдарын ұсынды. Семинарға 20 шақты елдің өкілдері қатысты, соның ішінде Испания, Германия, бельгия және т.б. еуропа елдерінің, сондай-ақ, Орта Азия мен шығыс еуропаның 6 елі: армения, Беларусь, Қырғызстан, Грузия, Молдова және Украина. Қазақстаннан семинарға Астана және Павлодар қалаларының әкімдіктерінен сарапшылар, және де  «Қазақэнергиясараптама» АҚ қатысты, ол 2015 жылға арналған Қазақстанның энергия тиімділігі жөніндегі Кешендік жоспарды жүзеге асыруды үйлестіруде. Жоспарға энергияны үнемдеу жөніндегі облыстық кешенді жоспарлар құру енгізілген, ол көбіне тұрақты энергетикалық дамудың «Мэрлер Келісімі» Жоспарының аналогиясы болып табылады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow