Жаңалықтар

Қазақстандық қазандықтар 20% тиімді болуы мүмкін

08 қазан 2012 ж.

Павлодар қаласында «Өнеркәсіптегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» атты ғылыми-техникалық семинары өтті, аталған шарада облыс және аудан әкімдіктерінің өкілдері және облыстың ірі кәсіпорындарының: «ЕЭК» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ, «ПМХЗ» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Ақсу ферроқорытпа зауытының филиалы «Казхром» ТҰК» АҚ және т.б. өкілдері қатысты. Семинар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қазақстан-ресей ынтымақтастығының аясында өтті.

«Ультра-фильтр» Ресей компаниясының энергия үнемдеу шешімдері қазақстандық кәсіпқойдарға ұсынылды, атап айтқанда акустикалық қаққа қарсы құрылғылар, олар қазандықтардың энергия тиімділігі  10-20 % аттырыуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ отынды 10-20 % және қазандықтардың жұмыс істеу мерзімін де арттырады, жөндеу жиілігін төмендетеді сол арқылы пайдалану шығындарын еселеп төмендететіні де белгілі.

Аталған құрылғы 1-3 айда өтейді. Осының бәрі халыққа жылу және ыстық судың тарифтерінің 5-10 %  төмендуіне мүмкіндік береді.

Ресей, Оңтүстік Корея және Қытай елдерінде осы құрылғының кең таралуы болса да, Қазақстан елінде осындау құрылғы әлі де қолданылмаған. Семинардың соңында тәжрибелік тұрғыдан оның тиімдігін байқау үшін жылыту маусымында пилоттық жобаларды әзірлеу шешілді, және ҚР ИЖТМ  «Қазақэнергиясараптама» АҚ және ООО «НПП Ультра-фильтр» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойылды.

 

Ақпарат үшін

Акустикалық қаққа қарсы құрылғысы  1982 жылы В.И.Фоминның басшылығымен Академик Н.Н. Андреев атындағы Акустикалық институымен әзірленген. Жылу агрегаттарының құбырлар қабырғаларын дірілдеуін қоздыру негізінде жасалған. Қақтан қорғаныс әдісінің әзрлеушілері СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреттары атағын иеленген болатын. Қазіргі таңда өз өектігін жоғалтпаған аталған құрылғы, көнелігіне қарамастан, әдістердің ішінде, қазіргі таңда, ең тиімді болып табылады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow