Жаңалықтар

Қазақстандық энергетиктер белгиялықтардан энергия аудитті үйреніп жатыр

29 шілде 2011 ж.

Семинар бағдарламасы электр жабдықтарына сараптама жүргізу, электр энергиясының сапасын талдау, бақылауға келмейтін шығындар мен жұмыстағы бұзушылықтардың анықталуы, Халықаралық электр техникалық комиссия стандарттарына сәйкес электрлік параметрін талдау үшін барлық қажеттілерді өлшеу сияқты кәсіпорынның энергия аудитінің практикалық мәселелерін қамтыды.

Семинар барысында «Қазақэнергиясараптама» АҚ мамандары Астана қаласының шина жасау және металл құрылымдық зауыттарындағы алдын ала энергия аудиттің барлық сатыларын толық қарастырды. Белгиялық мамандар энергия саласында аудит жүргізудің көп жылдық тәжірибелерімен бөлісті, энергетикалық шығын мен тиімділік көрсеткіштерін есептеуде ескерілуі қажет нәрселерді айтты.

«Бүгінде біз энергия тиімділігін арттыру бойынша жүзеге асырылуы тиіс 2015 жылға қарай ЖІӨ энергия сыйымдылығын 10% төмендетуге мүмкіндік туғызатын Кешенді жоспар дайындап жатырмыз. Энергия аудит мәселелері энергетикалық сараптама саласындағы мамандар ретінде біз үшін аса өзекті және қызықты болып табылады. Өндірістегі электр энергетикасының сапасына байланысты қызмет көрсету саласындағы мәселелер қатары өсіп келеді. Ақаулар жиі кездесуде және елеулі экономикалық шығындарға әкелетін қондырғы компонеттерінің көпке төзуі қысқаруда. Сондықтан қазақстандық энергетиктер энергия аудиттің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істей алуға үйренуі және оларды тезірек игеруі тиіс » – деп «Қазақэнергиясараптама» АҚ Президенті Сұңғат Есімханов айрықша баса айтты.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow