Жаңалықтар

«Қазақэнергиясараптама» АҚ-ның өкілдіктері мен филиалдарының алқасы. Қорытынды

29 қазан 2011 ж.

Кездесу барысында акционерлік қоғамның негізгі жетістіктері мен туындап отырған мәселелері талқыланды. 2011 жылдың 9 айы ішінде орындалған жұмыстары бойынша президент Сұңғат Есімханов қорытындылады. «Қазақэнергиясараптама» АҚ-ның техникалық және қаржылық-экономикалық даму аспектілері туралы техникалық мәселелер жөніндегі вице- президент Дәуіт Мағауин хабарлады. Техникалық департаментке қараша айы бойынша  аймақтарға шығу кестесін құру тапсырылды; өкілеттіктер мен филиалдардың директорларына жабдықтардың техникалық жай-күйін тексеру бойынша энергетикалық сараптама жүргізу үшін энергия өндіруші кәсіпорындармен келіссөздер жүргізу және энергия өндіруші кәсіпорындармен инвестициялық міндеттіліктері бойынша келісімнің орындалуы туралы есеп беру тапсырылды. «Қазақэнергиясараптама» АҚ-ның мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президенті Руслан Сұлтанов хабарлады.

Сонымен қатар өкілеттіктер мен филиалдардың басшылары аумақтардағы жұмыс барысында туындайтын қиын сәттері туралы хабарлады. Талқылау нәтижелері бойынша Орталық аппаратқа өкілеттіктер мен филиалдарда туындауы мүмкін проблемалық мәселелер үшін жауапкершілік жүктелді.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow