Конкурс энергия үнемдеу идеясын көпшілікке тарату мақсатымен Астана қаласының мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында оздырылады. Ғылыми жұмыстар 6 критерий бойынша бағаланады: мақсаты мен міндеттерін анықтау, таңдалып алынған тақырыптың қатысушы үшін өзектілігінің негіздемесі, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен ресурстарды үнемдеуді зерттеудің практикалық маңыздылығы, ұсынылған мәліметтердің тыңғылықтығы, орындалған жұмыстардың көлемі, қорытындылардың негізділігі мен маңыздылығы, рәсімдеу сапасы.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен (i-pad,ноутбуктер, нетбуктер мен басқа да бағалы сыйлықтар) марапатталады. Конкурс нәтижесі мен ең жақсы жұмыстар туралы 2012 жылдың сәуір айында хабарланады.