Жаңалықтар

Энергия тиімділік бойынша дөңгелек үстел

16 наурыз 2012 ж.

Астана қаласында USAID АҚШ Халықаралық даму агенттігінің көмегімен Мемлекеттік және жеке секторлардағы энергия тиімділік бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілдері, «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Қазақэнергиясараптама» АҚ, «ТКШҚазОрталығы» АҚ, сондай-ақ халықаралық үйымдардың өкілдері, Дамыту мен жаңғыртудың еуразиялық банкі,  ICF, USAID, БҰҰ, «3Э»  Ресей энергия қызметтік компанияның өкілдері  де қатысты.

Осы шараны Жаңа технологиялар және энергия тиімділік департаментінің Директоры Талғат Мұқанов және USAID бағдарламасының басшысы Бенджамин Чапман ашты. Қазақстандағы энергия тиімділіктің Халықаралық даму бағдарламаларының басшылары энергия тиімділік саласы бойынша Қазақстан заңнамасын әзірлеуге өз үлестерін қосу мақсатында мемлекеттік, жеке, қаржылық және өндірістік секторларындағы үздік мысалдарын көрсетті. Дөңгелек үстел 3 сессиядан тұрды.

Бірінші сессияда құрылыстағы энергия тиімділік  сұрақтарын және энергия қорларын басқаруға сұранысты талқылады. АҚШ Энергия тиімділіктің және ғимараттарды сертификаттау стандарттары, көп пәтерлі үйлердегі энергия үнемдеуді қаржыландырудың Ресейдегі оңды тәжірибелері де көрсетілді.

Екінші сессия энергия үнемдеуді ынталандыру сұрақтарына, яғни жабдықтарды стандарттау, сертификаттау және маркілеуге арналды.

Үшінші сессия өндірістік сектордың энергия тиімділігіне қаржыландыру сүрақтарына арналды. Сондай-ақ 2015 жылға дейінгі энергия тиімділік бойынша кешенді жоспардың жүзеге асырылуы, энергия менеджерлерін дайындау мен жүргізілген энергия аудиттердің тәжірибесі мен халықаралық сарапшылармен энергия тиімділік саласы бойынша тәжірибелер туралы «Қазақэнергиясараптама» АҚ вице-президенті Серік Түрчекенов сөз етті.

Сондай-ақ «Қазақэнергиясараптама» АҚ сарапшылары астаналық мектептерде орта және жоғарғы сынып оқушылары арасында энергия тиімділік саясатын насихаттауды бастады, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында «Энергияны үнемдейміз – астанамызды сақтаймыз» атты  зерттеу жұмыстарының сайысы да өтіп жатыр. Дөңгелек үстел нәтижесінде қатысушыларға бір-бірімен бұдан әрі серіктестікті жалғастыру және тәжірибемен алмасу ұсынысы айтылды. 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow