Жаңалықтар

Бішкек қаласында энергия үнемдеу жөнінде Халықаралық семинары өтті.

19 қыркүйек 2012 ж.

Қыркүйектің 19-20 аралығында Бішкек қаласында Корей сапа қорының (Korean Fund of Quality)  және Корей Энергия менеджменті корпорациясының  (KEMCO) қолдауымен Қырғыз Республикасының Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің ұйымдастыруымен «NAMA implementation strategy in Central Asia» атты семинары өтті.

Семинар барысында кореу мамандары Кореядағы энергия үнемдеу  жөнінде айтты, атап айтқанда энергетикалық аудит және энергия менеджменті туралы, сондай-ақ Корея елінде бұл тақырыптың дамуы 30 жылды құрайтыны да айтылды.

Сондай-ақ энергия үнемдеу бойынша ұлттық жоспарлардың жүзеге асырылуында Корея Республикасы мен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы жайында сөз талқыланды.

Аталған шарада Стратегиялық талдау департаментінің директоры Әнуар Қошқарбаев Қазақстан Республикасындағы энергия үнемдеу саласының жағдайы туралы сөз сөйледі.

Шара соңында Қазақстан үшін энергия үнемдеу бойынша мамандарды даярлауда тәжірибемен алмасу шешімі қабылданды.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow