Жаңалықтар

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Қазақстанның электр энергетикасы» атты салалық журналдың алғашқы нөмірін шығарды

09 қаңтар 2012 ж.

Энергия үнемдеу саласындағы отандық және шетелдік жұмыс тәжірибесіне көлемді жеке айдар бөлінген. «Мамандық: энергетик» бөлімінен энергетиктердің өмірі, олардың қызығушылықтары мен дарындары туралы  қызықты деректер оқи аласыз. Сонымен қатар осы жерден еліміздің энергетикалық жоғары оқу орындары туралы да деректер таба аласыз. Журналда энергетиктер мен заңгерлердің түсініктемесімен қоса берілген энергия тұтынушыларының өзекті де кеңінен таратылған мәселелері жарияланатын  «Тұтынушылар үшін ликбез» айдары бар. Журнал ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің қолдауымен «Қазақэнергиясараптама» АҚ-да шығарылады. Редакция бұл басылым энергетиктердің сала мәселелері мен оларды шешудің жолдары туралы ашық айта алатын қазіргі күннің қажеттілігі болады деп үміттенеді. Журналдың алғашқы нөмірі мемлекет, энергетикалық кәсіпорындар, институттар мен энергия тұтынушылары арасындағы жемісті пікірталас бастамасы болды.

«Қазақстанның электр энергетикасы» журналы тек сала мамандарының арасында ғана емес, сонымен қатар әлеуетті инвесторлар арасында да объективті және анық ақпараттар көзі ретінде қажет болады деп сенемін» – деді ҚР премьер-министр орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow