Жаңалықтар

ҚР ИЖТМ мен БҰҰДБ Қазақстан үшін ғимараттардың энергия тиімділігі бойынша талаптарды әзірледі.

27 қыркүйек 2012 ж.

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР заңын іске асыру шеңберінде Қазақстанда ғимараттардың энергия тиімділігіне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілер (НҚА), ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын қайта қарау қағидаттары, жаңа құрылыстың және қайта құрылатын ғимараттардың жоба алды құжаттарына қойылатын энергия сақтау және энергия тиімділігі бойынша талаптар  қабылданды. Бұл заңға тәуелді актілерді БҰҰДБ/ЖЭҚ энергиялық тиімді құрылыс бойынша жобасы мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әзірледі.

Атап айтқанда, ендігі жерде ғимараттар жобасына энергия сақтау және энергия тиімділігін арттыру бөлімін енгізу міндетті болып, онда ғимараттың жалпы энергетикалық сипаттамалары, ғимараттың энергия тұтынуының үнемділік деңгейі (энергия тиімділігі сыныбы) көрсетіледі және энергетикалық төлқұжат беріледі. Жаңа бөлімде сыртқы қоршау конструкцияларына (қабырға, терезе және балкон есіктері, төбелік жабын, т.б.), ғимаратты жылыту, ауа желдету және кондициялау жүйелеріне ерекше талаптар белгіленеді. НҚА ғимараттың қабат саны мен ауданына байланысты жылыту мен желдетуге жылыту кезеңі ішінде жұмсалатын жылу энергиясының базалық нормаларын, сонымен қатар қоршау конструкцияларының жылу беруге келтіретін талап етілетін кедергісінің базалық мәндерін анықтайды.

Жаңа құқықтық актілерге сәйкес, ғимараттың энергия тиімділігінің негізгі көрсеткіші - пайдалану кезеңінде ғимараттың жылуды қаншалықты үнемді тұтынатынын көрсететін ғимараттың энергия тиімділігі сыныбы. Жаңа заңнамаға сәйкес, жобаланатын және қайта жаңартылатын ғимараттардың энергиялық тиімділігінің ұйғарынды сыныптары А сыныбы (өте жоғары), В (жоғары) және С (қалыпты) болып есептеледі.

БҰҰДБ/ЖЭҚ «Тұрғын үйлерді энергиялық тиімді жобалау және салу» жобасы нормативтік құжаттардың сақталуын сәулеттік-құрылыс бақылау жүйесінің нормативтік құжаттарын тұрғын үй құрылысының энергиялық тиімділігін арттыру үшін жетілдіруге қатысты ұлттық әріптестермен белсенді ынтымақтасады, энергиялық тиімді жобалау және құрылыс салу технологияларын кәсіби орталарға жылжытады, Қарағанды қаласында энергиялық тиімді үй құрылысының демонстрациялық жобасын іске асыруда.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow