Жаңалықтар

«Қазақэнергиясараптама» АҚ ғимараттағы энергия аудитін және энергия менеджментін енгізу жүйесі бойынша апталық оқыту курсы өтті

16 қараша 2012 ж.

Сізге белгілі болғандай, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңы шеңберінде  жылына бір мың бес жүз және одан көп тоннаға барабар шартты отын көлемінде энергетикалық ресурстарды тұтынатын ірі кәсіпорындар энергия менеджменті бойынша халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес энергия менеджментінің жүйесін құруға, енгізуге және оның жұмысын ұйымдастыруға міндетті.

Ал осы салада білікті мамандардың аздығы,  қараша айының 12 бастап 16 дейін «Қазақэнергиясараптама» АҚ және «Envidatec» Халықаралық неміс компаниясымен бірігіп «энергия аудиті және энергия менеджменті енгізу» атты апталық оқыту курсын өткізді.

Аталған оқыту семинарларында Қазақстанның ең ірі кәсіпорындарының мамандары, атап айтқанда:  «Богатырь Көмір» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Б. Нуржанов атындағы Экібастұз МАЭС-1» ЖШС және т.б.

Оқыту курсына барлығы 20 маман қатысты. Оқыту барысында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңы және заңнамалық актілері талқыланды.

Оқыту курсының соңында барлық қатысушыларға «Envidatec» және «Қазақэнергиясараптама» АҚ сертификаттары берілді. Қосымша барлық қолданылған материалдар дискке жазып берілді.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow