Жаңалықтар

«Зерде» дарынды балалар мектебіндегі энергия үнемдеу туралы ашық сабақ

09 қаңтар 2012 ж.

Оқушыларға энергия көздері туралы, станциялар мен жел қондырғыларының жұмыстары туралы ақпараттар берілді.

Ашық сабақта оқушылар жалпы энергетика жөнінде көп мағлұмат алды.  Балаларға 100 Вт шамның орнына  қуаттылығы 20 Вт болатын лампаны пайдалана отырып  көмір мен мұнайды үнемдеу бойынша тапсырмаларды орындау  сияқты энергия және энергетикалық ресурстарды үнемдеу бойынша тапсырмалар берілді. Оқушылар тарапынан қызығушылық байқалды. 7 сынып оқушылары жаңартылатын энергия көздері туралы, энергия үнемдеуші шамдар мен олардың экологиялық тұрғыдан сақтандырылуы туралы бірнеше сұрақтар қойды.

Сабақ соңында балаларға энергия үнемдеу бойынша берілген кеңестер мен суреттер бейнеленген сызғыштар сыйлыққа тартылды.

Осындай сабақтардың оздырылуының басты мақсаты балаларға энергия үнемдеу идеясын насихаттау болып табылады.

«Қазақэнергиясараптама» АҚ-ның энергетиктері мынадай міндеттерді алға қояды:

  • энергияны пайдалану, энергия мен энергия ресурстарын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару;
  • энергия және ресурстарын үнемдеу үшін уәж тудыру;
  • оқушыларды энергия және ресурстарды үнемдеу бойынша пайдалы іске тарту;
  • оқушылардың ғылыми зерттеу және білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыру қызығушылығын ынталандыру.

ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow