Жаңалықтар

«Қазақэнергиясараптама» АҚ Павлодар өкілдігі – Ресей Федерациясының ЖҚҰ электр-техникалық ғылымдар академиясының мүшесі болды

24 желтоқсан 2012 ж.

Электр техникалық ғылым академиясының Президиумының шешімімен Павлодар қаласындағы өкілдіктің директоры Темірханов Ержан Уакбайұлына ЭТҒА Доктор атағы берілді. Ғылыми жұмысының тақырыбы «Электрмен қамсыздансыру жүйелеріндегі қуатты электртермиялық жүктемелерінде электр магниттік сәйкестік деңгейін арттыру әдісін әзірлеу» болды. Аталған жұмыстың жаңашылдығы астам кернеу көздерін математикалық модельдеу әдістерін, электр жүйелерінде электр магниттік  энергиясын беру әдістері мен заңдарын және астам кернеу деңгейін есептеу алгоритмі және астам кернеу тәсілдерін  қарастыру болды.

Ресей Федерациясы Электр техникалық ғылым академиясының Ғылыми-инновациялық орталығымен «Қазақэнергиясараптама» АҚ Павлодар қаласындағы өкілдігіне РФ ЭТҒА мүшелігіне кіру туралы растайтын Дипломы марапатталды.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow