Жаңалықтар

Сараптама жүргізуге рұқсат беру ережелері

20 тамыз 2011 ж.

№ 214 2004 жылы 10 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Энергетика және минаралды ресурстар министрінің міндетін атқарушысы  бұйрығымен бекітілген  энергетикалық сараптама жүргізу Ережесінің (бұдан әрі-)  4- тармағына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жұмыстары мен қорытындысын беру Уәкілетті органның рұқсатына ие  ұйым арқылы жүзеге асырылады. Рұқсат беру тәртібі мен оны жүзеге асыру мерзімін бекіту туралы Ережеде берілмеген. Рұқсат беру мерзімін ұзарту негізі қолданыстағы заңмен қарастырылмаған.

Рұқсат беру тәртібін нақтылау мақсатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушысының «№ 214 2004 жылы 10 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Энергетика және минаралды ресурстар министрінің міндетін атқарушысы бұйрығымен бекітілген  энергетикалық сараптама жүргізу Ережесіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу» бұйрығы бекітілді және нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Ережесінің 15-тармағына сәйкес тіркелу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілді. (1.08.2011 ж. № 18-7/2-4285).

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 5 шілдесінде Елбасшы « Тексеруден өтуші субъектілер талаптарын белгілейтін нормативтік -құқықтық актілер қабылдауда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті органдардың құзіреттілігін қайта қарастыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне  толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ( бұдан әрі-Заң) қол қойды. Бұл Заң энергетикалық сараптама мен электрлік зертханалық жұмыстар жүргізуші ұйымдарды аккредиттеудің әдістемесі, тәртібі мен мерзімін анықтау бойынша уәкілетті орган құзіреттілігін (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) қарастырады.

Уәкілетті орган арқылы берілген құзіреттіліктерін жүзеге асыру мақсатымен энергетикалық сараптама мен электрлік зертханалық жұмыстар жүргізуші ұйымдарды аккредиттеу Ережесі дайындалады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow