Жаңалықтар

Евроодақ өкілдері және ҚР ИЖТМ Қазақстандағы энергия үнемдеу мәселелерін талқылады

16 ақпан 2012 ж.

Кездесу ҚР «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңын және ҚР 2012-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігін арттырудың Кешенді жоспарын талқылау үшін ұйымдастырылды. ҚР индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі мен «Қазақэнергиясараптама» АҚ өкілдері энергия тиімділігін арттырудың Кешенді жоспарын жүзеге асырудың соңғы өзгерістері мен жоспарлары туралы ақпаратпен бөлісті, іс-шаралар кешенін жүзеге асырудың және еліміз экономикасының энергия сыйымдылығын төмендетуге қол жеткізу жолдары ұсынылды. Еуроодақ Қазақстанмен ынтымақтастықта маңызды рөл атқаруы мүмкін, Министрлік тәжірибелі сараптамашылармен энергияны үнемдеу саласында тығыз қатынасты қалыптастыра отырып, тәжірибемен алмасады және мұндай талқылауларға бастамашылық етеді, олардың тәжірибесі Қазақстанға энергияны үнемдеу саласында біздің жағдайға байланысты оңтайлы және дұрыс саясатты қалыптастыруға көмектеседі.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow