Жаңалықтар

«Электроэнергетика, табиғи монополиялар мен нарықты реттеу субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда Қазақстан Республикасы парламентінің Сенатымен мақұлданды

11 қаңтар 2012 ж.

Оның айтуынша, заң жобасында «жүйелі оператор тұлғасындағы бірыңғай сатып алушының осы қуатты сатып алуды белгілеуі арқылы»  жаңа энергия қуаты құрылысына инвестормен жұмсалған қаражатты кепілденген қайтару тетігі қарастырылған.

Өз кезегінде, ТМРА басшысы Нұрлан Алдабергенов атап өткендей, заң жобасының негізгі мақсаты:

  • электр станцияларының инвестициялық қызметінің ашықтығын арттыру;
  • инвестициялық міндеттемелерді орындамағаны үшін электр станцияларының, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің жауапкершілігін арттыру;
  • электр станцияларының инвестициялық міндеттемелер көлемінің тарифтік кіріске сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • қуат нарығын енгізу арқылы Қазақстан экономикасының электр энергия және қуат бойынша қажеттілігін қамтамасыз ету.

Заң жобасымен «Табиғи монополиялар мен нарықты реттеу», «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекске түзетулер енгізу қарастырылған.

Атап айтқанда, оның ақпараты бойынша ӘҚБтК-ге электр станцияларының басқа электр станцияларынан электр энергияны заңсыз сатып алғаны, электр станцияларының,  реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерді орындамағаны, электр қуатының шектеулі тарифінен асатын баға бойынша  электр қуатын ұстау даярлығы бойынша электр станцияларының қызметін жүзеге асырғаны, электр станцияларының мемлекеттік органдар сұратқан ақпаратын бермегені үшін айыппұл санкциясы түрінде жауапкершілік белгілеу жоспарлануда.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасынан күтілетін нәтиже мынадай:  электр станцияларының инвестициялық қызметінің ашықтығын арттыру,инвестициялық міндеттемелерді орындаудаэлектр станцияларының,табиғи монополияларсубъектілері мен доминанттарыныңжауапкершілігін арттыру,электр станцияларының инвестициялық міндеттемелер көлемінің тарифтік кіріске сәйкестігін қамтамасыз ету, жаңа электр қуаттарын енгізу және электр станцияларының негізгі жабдықтарының ескірген паркін қарқынды түрде жаңарту.

ИНТЕРФАКС ҚАЗАҚСТАН материалдары бойынша


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow