Жаңалықтар

"Тексан Казахстан Инвест" ЖШС-мен жұмыс кездесу

23 қыркүйек 2016 ж.
"Тексан Казахстан Инвест" ЖШС-мен жұмыс кездесу

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ мен «Тексан Казахстан Инвест» ЖШС өкілдері арасында әрі қарайғы әріптестік туралы келіссөз жүргізілді. Кездесу барысында «Тексан Казахстан Инвест» ЖШС директоры жарықдиодты, көше және өнеркәсіптік жарықтандыру бойынша шамдарды таныстырды.

«Тексан Казахстан Инвест» ЖШС Қазақстан мен Қытайда жарықэлектртехникалық өнім өндірісі бойынша зауыттары бар. Өндірілетін өнім көп сатылы бақылаудан өткізіледі және жоғары сапаға кепілдік береді. Зауытта заманауи цехтер мен өндірістік алаңдар тұрғызылған. Зауыт өнімінің сұрыптама күн санап өсуде және қазіргі таңда шырағдандардың 300-ден астам түрі шығарылады.

 «Тексан Казахстан Инвест» ЖШС сапа мен қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін сапалы және заманауи жарықэлектртехникалық өнімді жасау мен жеткізуге маманданған. Қызметінің бүкіл кезеңі ішінде компания энергетикалық кешен, құрылыс, қалалық жарықтандыру, өндіріс, жарнама мен өзге де салалардың белгілі көшбасшыларымен әріптестік байланыс орнатып келеді.  

Өткізілген кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы энергия үнемдеу мен энергиятиімділікті арттыру саласында «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ мен «Тексан Казахстан Инвест» ЖШС арасында әріптестік туралы меморандум жасау туралы келісімге қол жеткізілді.

 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow