Жаңалықтар

Энергетиктер күнімен!

22 желтоқсан 2011 ж.

Қымбатты Әріптестер!

Бүгін біз үшін ерекше күн – біздің кәсіби мерекеміз, Энергетиктер күні!

Бүгінгі мереке өмірін тек энергетика саласымен байланыстырған адамдарды құрметтеуге ғана арналмайды, сонымен қатар бұл – энергетиктер буыны атқарған жұмыстарды жоғары бағалау. Бұл – еліміздің энергетикалық кешенін құруға және қызмет көрсетуге өз өмірін арнаған адамдар мерекесі.

Бұл сала біздің еліміздің экономикасының флагманы болып табылады. Сондықтан әрқашан энергетика саласында әріптестері арасында жоғары құрметке  ие және жоғары қоғамдық мәртебеге ие жоғары білікті мамандар жұмыс істеді.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев энергетиканың дамуына аса көңіл бөледі, себебі экономиканың барлық басқа салаларының өмірге икемділігі, үйдегіжайлылық, жылулық және жарық энергетикаға байланысты.

Сіздің аянбастан еткен кәсіби еңбегіңізеліміздің энергетикалық әлеуетін арттыру, бәсекелестікке қабілеттілікті қолдау, сонымен қатар қауіпсіздікті күшейту сияқты Қазақстанның алдында тұрған маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады. Сіздің алтын қолыңыз бен біліміңіз – біздің компаниямыздың күші.

Сіздің жылдар бойы жинаған бай тәжірибеңіз бен Сіздің біліміңіз, сонымен қатар жастардың энергиясы қандай болса да алдымызға қойылған, тіпті өте күрделі мәселелерді шеше алады деп сенемін!

Сіздерге бақыт, зор денсаулық, амандық, сарқылмас өмір қуаты, кәсіби өсу және алға қойған мақсаттарыңызға жетуде жетістік тілеймін!

Сіздердітамаша мереке – Энергетиктер күнімен шын ниетіммен құттықтаймын !


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow