Бүгін Алматы қаласында энергетика мәселесін басқаратын облыс әкімдерінің орынбасарлары үшін біліктілікті арттыру курстары басталды. Осындай курстар алғаш рет ҚР Премьер-министрдің орынбасары К. Көшербаевтың тапсырмасы бойынша өткізіліп жатыр. Аталған курстар ҚР ИЖТМ Мемэнергияқадағалау қолдауымен Алматы энергетика және байланыс университетінің негізінде өткізілді. Курстардың мақсаты – энергетика саласында әкімдер орынбасарларының біліктілігін арттыру, теоретикалық білімі мен практикалық біліктілікті өзекті ету, тереңдету және жүйелеу болып табылады.
Алынған ақпарат Қазақстан энергия жүйесінің және оның басты бөліктері жұмысы жөнінде дұрыс түсінік қалыптастыру, әсіресе жылыту маусымының басты кезеңдерінде өзекті болатын энергия кәсіпорындары мен профильді ведомстволармен жетік қарым-қатынас алгоритмін әзірлеу. Үш күн ішінде әкімдер орынбасарлары энергетика және ТКШ, сондай-ақ жылыту маусымдарының өзекті сұрақтарын шешу жөнінде лекциялардың циклін тыңдады. Лекцияларды профильді ведомстволардың бірінші басшылары оқыды (ҚР ИЖТМ Мемэнергияқадағалау, ҚР ТЖМ, ҚР ТМРА, «ҰК ҚТЖ» АҚ, ҚТКШІА, «Самрұқ-Энергия» АҚ, Алматы энергетика және байланыс университеті, «KEGOC» АҚ және «Қазақэнергиясараптама» АҚ).
Қатысушылармен алынған теоретикалық білімдер лекция соңында болатын дөңгелек үстелінде бекітуге мүмкіндік болады. Әкімдер орынбасарлары курстан жақсы өткен сәйкес біліктілікті арттырудың сертификаттарын иемденеді.