Жаңалықтар

Бішкек қаласындағы INOGATE ESIB жобасының семинары

13 шілде 2012 ж.

2012 жылдың 12-13 шілдесінде Бішкек қаласында, Қырғыз Республикасы, INOGATE «Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінде ғимаратта энергия үнемдеудің ықыласы» (ESIB) жобасының «Құралдардың энергия тиімділігінің таңбалануын енгізудегі көмек көрсету және ғимарат энергия тиімділігін сертификаттау, серіктес-елдердегі энергия үнемдеу әлеуеті» атты семинары өтті. Семинарда Өзбекстан, Әзербайджан, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан, Чехия және Молдова елдерінің ESIB жобасының сарапшылары да қатысты. Осы семинарда «Қазақэнергиясараптама» АҚ маманы да қатысты.

Семинарды Қырғыз Республикасының Энергетика және өнеркәсіп министрлігінің Министр орынбасары Айбек Қалиев және ESIB сарапшылар тобының жетекшісі Роберто Ло Чичеро Вайна ашты.

Семинар барысында келесі тақырыптар қозғалды: Еуропа одағының заңнамасы (бұдан әрі – ЕО), энергия тиімділік және таңбалану бойынша ЕО диреткивалары,   ғимараттардың энергия үнемдеу әлеуеті, электр құралдарын таңбалау және ғимараттың энергетикалық тиімділігін арттыру, ғимараттардың энергетикалық сертификациясы. Сондай-ақ, Чехия Республикасындағы  энергия тиімділігінің сертификация тәжірибесі, сапаны бақылау, энергия тиімділігінің сертификаттар түрлері және Германия, Австрия, Ирландия және Португалияның жетекші тәжірибесі айтылды.

Семинар барысында барлық қатысушылар ЕО-тың ғимаратты және электр құралдарын энергия тиімділігі бойынша таңбалау әдістерімен, және де ғимараттың энергия үнемдеу  мәселелерін шешу жолдарымен танысты. 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow