Жаңалықтар

Отынды толтыру мәселелері туралы отырыс

03 қазан 2011 ж.

Жалпы елдің энергия объектілерінің дайындығы алдағы уақыттағы жылыту маусымына әзірленген кестесіне сәйкес келе жатыр. 8 энергоблокта, 30 қазандық пен 27 турбиналарда жөндеу жұмыстары аяқталды. 4 энергоблок,  21 қазандық пен  9 турбиналардың жөндеу жұмыстарының аяқталуы түрлі сатыда. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасы Арман Тұрлыбектің ақпараттары бойынша кейбір қалалардың энергетикалық инфрақұрылымы қыс мезгіліндегі жұмыстарына толықтай дайын емес, ал Қазгидромет болжамы бойынша қыс қатты болады.

1996 жылғы 19 желтоқсанындағы «Энергия көздеріндегі отын қорын пайдалану нормасы туралы » Премьер- Министрдің Жарлығына сәйкес 100 км  қашықтықта орналасқан энергия көздерінің қоры 30 тәуліктік, 100 км дейін – 15 тәуліктік қорды құрайды.

Алайда сол жылдың 1 қазанындағы мәліметтер бойынша көмір қорын пайдаланудың нормалары  Семей қаласындағы «Жылукоммуноэнерго» МКК ЖЭО-1 (қорлар жеті тәуліктік қорға сәйкес келеді); «Қазақстан Алюминийі» АҚ ЖЭО-1 (11тәулік), Қарағанды МАЭС-2 (12 тәулік), «Риддер ЖЭО-2» (20 тәулік), «Солт.Қаз.Энерго» АҚ ЖЭО-2 (22 тәулік), Кентау қаласындағы ЖЭО-5 (25 тәулік) сақталмайды.

Осы жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің 2011-2012 жылдарының күз-қыс маусым жұмысына дайындық төлқұжатын беру рәсімін күшейтетіндігін атап өткен жөн. Энергия көздері дайындық төлқұжатын отын қорының пайдалану көлемі жеткілікті түрде болған жағдайда ала алады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow