Жаңалықтар

«Қазақэнергиясараптама» АҚ Батыс-Қазақстан өкілдігінің мамандары БҰҰДБ/ГЭФ аймақтық конференциясына ат салысты

24 тамыз 2012 ж.

2012 жылдың 7-8 тамызында Орал қаласында өткен БҰҰДБ/ГЭФ «Коммуналдық жылумен қамтамасыз етудің энергия тиімділігін арттыру тосқауылдарын жою» бағдарламасының «Энергия және қорды үнемдеу технологиялары мен инновацияларды енгізу, басқарудың тиімді әдістерін қолдану негізінде ТКШ дамыту» атты аймақтық конференциясына «Қазақэнергиясараптама» АҚ Батыс-Қазақстан өкілдігінің мамандары ат салысты. Конференцияның ұйымдастырушылары: «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, Батыс-Қазақстан облысының  "Нұр Отан" ХДП өкілдігінің көмегімен Батыс-Қазақстан облысы әкімдігі болды. БҰҰДБ жобасы  аймақтық конференциясының барлық шараларының серіктесі ретінде кірді. Тамыздың 7 жұлдызында жобаның сарапшылары «Энергия сервистік компанияларды құру және дамыту: дүниежүзілік тәжірибе мен Қазақстанның мүмкіндігі» атты  семинар-тренингін өткізді.

Тренингте 19 маман, атап айтқанда Батыс-Қазақстан облысының энергия үнемдеу сұрақтарымен айналысатын, соның ішінде Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының,  «Жайық-жылуэнергия» АҚ, Сараптама және сертификация орталығы, Батыс-Қазақстан ЭЖТК, «Қазақэнергиясараптама» АҚ Батыс-Қазақстан өкілдері қатысты.

Жобаның сарапшылары Энергия сервистік компаниялары (ЭСКО)  ұғымымен таныстырды, ЭСКО дамытуының халықаралық тәжірибесі, энергияүнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия сервистік шарттарымен (перформанс-шарттар)  таныстырды.

ТКШ сәтті дамуы үшін және Батыс-Қазақстан облысының ТКШ бағдарламасын жүзеге асыру, конференцияның қатысушыларымен бірнеше шаралар ұсынылды, 7 жылдан 12 жылға дейін Көп пәтерлі үй тұрғындарының қарыздарының төлеу мерзімін ұлғайту айтылды, кондоминимумның тіркеуі де тез арада өту қажеттігі туралы сөз қозғалды.

 

Ақпарат дерекнамасы: http://www.eep.kz/?m=news&id=213&act=show_big 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow