Жаңалықтар

Энергия үнемдеу рәмізін әзірлеудегі интернет-конкурс жеңімпаздарына арналған сыйлықтар белгілі болды

18 қазан 2011 ж.

Конкурсты «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл- а уқат қоры, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Алматы қаласының әкімшілігі, «Самрұқ-Энерго» АҚ, «Қазақэнергиясараптама» АҚ, «Казкоммерцбанк»АҚ мен «Нұр» қазақстандық порталының қолдауымен «АлматыЭнергоСбыт»компаниясы жүргізеді.
Кәсіби дизайнерлер арасынан конкурс жеңімпазы конкурстың ресми серіктесі «Казкоммерцбанк»АҚ-нан банктік карточка мен 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алады. Тұтынушылар арасынан жеңімпаз планшеттік дербес компьютер иегері болады.

Кәсіби дизайнерлер арасынан екінші және үшінші орын иегерлері кәсіби графикалық планшетке ие болса, екінші және үшінші орын алған тұтынушылар нетбук пен көп функционалды электрондық кітапқа ие болады.
Конкурс ұйымдастырушылары конкурсқа қатысушылардың ең жақсы жұмыстарын Алматы қаласының билбордтарында ай бойы ілулі тұрады деп хабарлады.

Сонымен қатар үш ең жақсы жұмыс «Казкоммерцбанк»АҚ-ның банктік карточкаларының жаңа сериясының дизайнінің негізіне алынады.

Энергия үнемдеу рәмізін әзірлеудегі интернет-конкурс Қазақстанда 1 қыркүйектен 2011 жылдың 31 қазанына дейін жалғасатынын еске саламыз. Конкурс нәтижелері 2011 жылдың 11 қарашасында – Халықаралық Энергия үнемдеу күнінде хабарланады.

Энергия үнемдеу рәмізін әзірлеудегі интернет-конкурсына кәсібилерден оқушыларға дейін барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Бұл конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойының құрметіне орайластырылған. Конкурстың ресми сайтында 40 конкурстық жұмыс берілген. Жобаға Gazeta.kz медиа- порталы, Almanews.kz интернет-газетасы, Yvision.kz блог-платформасы, «Алматы сегодня» порталы, «Вкус» дизайн- студиясы ақпараттық қолдау көрсетеді.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow