Жаңалықтар

«Энергия тиімді Қазақстан» атты Республикалық суреттер сайысы бастау алды

04 қыркүйек 2012 ж.

Қазақстанның энергия тиімді бағытын насихаттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында,  «Қазақэнергиясараптама» АҚ өзекті мәселе болып табылатын, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселесіне оқушыларды қатыстыруға «Энергия тиімді Қазақстан» атты Республикалық суреттер сайысын жарияланды. Суреттер 2012 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 2012 жылдың 22 қазанына дейін қабылданады. Жеңімпаздар 2012 жылдың қараша айының 12 жұлдызында (Энергия үнемдеудің дүниежүзілік күнінде) марапатталатын болады.  Жеңімпаздарды бағалы жүлделер (I-pad 2 планшеттік  компьютерлері) мен Дипломдар күтеді

Сіздер білетіндей, 2012 жылы 26 маусымда «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңы өз күшіне енді.

Қазақстан жаңа энергия тиімді саясат арқасында ІЖӨ 10 пайызға төмендету жоспарланған, электр энергетикасының жылдық экономикасы 16 млрд. киловатт сағатты құрайтын болады, жылу энергиясының 11 килокалориясына, көмірдің  7 млн. тоннасына және ақшалай баламасында айтатын болсақ 1 млрд. АҚШ долларынан астам болатыны белгілі.

Міндетті түрде «Энергия тиімді Қазақстан» атты Республикалық суреттер сайысының ережелерімен таныс болыңыздар.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow