Жаңалықтар

ТМД елдері Қазақстанның энергетикалық қадағалау саласы бойынша серіктестік туралы меморандумға қол қою ұсынысын қолдады

26 наурыз 2012 ж.

Мәскеу қаласында ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің Жұмыс тобы отырысы өтті, бұл отырыс ТМД қатысушы елдердің мемлекеттік  энергетикалық қадағалаудың  көп жақты ынтымақтастықты тереңдету мен дамытуға арналған. Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Украина Электр энеретикалық ұйымдары мен энергетикалық қадағалау мемлекеттік органдары, және де ТМД ЭЭК Орындаушы комитетінің өкілдері қатысты.

Осы отырыста Қазақстанды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің  «Қазақэнергиясараптама» АҚ вице-президенті Серік Түрчекенов қатысты.

2011 жылғы 21 қазандағы ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің отырысында ынтымақтастық бойынша ұсыныс түскен болатын, сондай-ақ энергетикалық қадағалау, ұлттық электр энергетикалық жүйелерінің параллельді жұмысын бақылайтын мемлекеттік органдардың жұмысын тұрақты дамытудың қажеттігі айтылған болатын. Бұл ықыласты барлық қатысушылар қолдап, Мәскеу қаласында кездесу өтті. Жүйеаралық ақауды талдау, қызметкерлердің білімін бақылаудың жаңа әдістерін әзірлеу жолдарын; біріккен зерттеу жобаларын және оқыту бағдарламаларының жүзеге асырылуы жайлы  қатысушылар талқылады.

Жақын уақытта ТМД Электр энергетикалық Кеңесімен қоса, энергетикалық қадағалау Мемлекеттік органдардың басшыларының дөңгелек үстелі өтетін болады, серіктестік туралы меморандумға қол қойылды және ТМД қатысушы елдердің энергетикалық қадағалау мемлекеттік органдардың ынтымақтастығын бағыттау бойынша Комиссиясы құрылды. 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow