Жаңалықтар

Өнеркәсіп қауіпсіздігі және өндіріс тиімділігінің мониторингі басқармасы

22 желтоқсан 2011 ж.

2011 жылдың наурыз-сәуірінде өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында 132 сарапшы аттестаттаудан өтті.

ҚР ТЖМ-де оқу бағдарламалары әзірленді және бекітілді.

  • Өнеркәсіп қауіпсіздігінің сараптамасы
  • Жүк көтергіш механизмдер мен крандар бойынша
  • Құбырлар мен қысым астында жұмыс істейтін ыдыстар бойынша
  • Электр қондырғылары мен электр жабдықтары бойынша

Сөйтіп, мамырдан бастап 2011 жылдың аяғына дейін  Қоғам өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы конкурстарға қатысуға 150-ден астам өтінім берді, 11 келісімшарт орындалды, 12 келісімшарт аяқталу сатысында.

Қазіргі кезде «Қаржанбас Северный» кенішінде жаңадан іске қосылған объектілерде болуы мүмкін апатты жою және қауіпсіздік Декларациясын әзірлеу бойынша «Физтех» ЖШС-те жұмыстар аяқталды.

Желтоқсан айында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына қатысудың 7 баға ұсынысы берілді, соның ішінде ГУ-5, ЦУПН, УКПГ, БКНС, ТСН-ННЭ (КУУГ және КУУН қоса) қондырғыларының және Қарақұдық кенішінде АЗС апатын жою жоспарын және технологиялық регламенттерін әзірлеу бойынша бір баға ұсынысын жеңіп алды.

Соңғы 9 айда Қоғамның өкілдіктері мен филиалдарының электрондық мемлекеттік сатып алулар мен қойнауды пайдаланушылардың сатып алуларына қатысуына талдау жүргізілді.

Қазіргі уақытта тендерге қатысу белсенділігі бойынша мына өкілдіктер мен филиалдар алға шықты:

  • Ақтөбе өкілдігі;
  • Қарағанды өкілдігі;
  • Маңғыстау өкілдігі.

ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow