Жаңалықтар

Астанада энергия үнемдеу саласында қазақстандық мамандар үшін апталық семинары аяқталды

22 маусым 2012 ж.

Астанада қазақстандық энергия үнемдеу мамандары үшін  апталық семинары аяқталды. Семинар ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ықыласымен  және USAID (Орталық Азиядағы энергия тиімділігін қолдау бағдарламасы) көмегімен өткізілді. Өткен семинарда профильді қазақстандық компаниялары мен мемлекеттік бөлімшелері өкілдері, Техникалық реттеу және метрология комитеті, «Қазақэнергиясараптама» АҚ ҚР ИЖТМ, ҰЭП «Атамекен», сондай-ақ Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің өкілдері қатысты. Семинарға қатысушылар алған білімдерін тәжірибеде қолдана білді, Астана қаласындағы өндірістік кәсіпорынның бірінде энергия аудитін  жүргізді. Энергия үнемдеу бойынша USAID жобасының ең басты мақсаты – «Жасыл бизнес» өсуін және энергия тиімді технологияларға қаржыландыруды ынталандыру парниктік газдардың көлемін және жиілігін төмендету болып табылады. 2012 жылдың 26-шілдесінде өз күшіне енетін «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңына сәйкес,  2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан көп тоннаға барабар көлемінде энергетикалық ресурстар тұтынатын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері бірыңғай Мемлекеттік энергетикалық тізілімге кіретін болады.

МЭТ субъектілері 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап энергия менеджменті ИСО 50001 бойынша халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес энергия менеджментінің жүйесін құруға, енгізуге және оның жұмысын ұйымдастыруға міндетті. Алынған мәліметтер бойынша және ІЖӨ энергия сыйымдылығын болжамдау мен ҚР энергия қорларын тұтыну тиімділігі талдау жасалынатын болады. Ақсу ферроқорытпа зауытындағы энергия аудиті қорытындысы бойынша энергия үнемдеу әлеуеті 48 %, немесе 2,7 млрд. кВт/сағ электр энергиясын тұтыну, ақшалай 16 млрд. теңгені құрайды.

Елімізде Энергия тиімділік бойынша кешенді жоспары әзірленді, осы жоспарға сәйкес Қазақстанның 2015 жылға ІЖӨ 10 %  және 2020 жылға дейін 25% төмендету. Қазіргі таңда, Заңның өз күшіне енуіне дейін, кәсіпорынның энергия тұтынуын бақылайтын отандық энергия менеджерлерін даярлау, үлкен маңыз бірақ басшылықта екендігі де айтылды.  Бүгінгі күні 40 отандық энергия аудиторлары, 15 энергия менеджерлері дайындалды.

Жақын уақытта энергия аудит және энергия менеджменті бойынша 35 мамандарды оқыту жоспарланған.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow