Алматы қаласында қыркүйектің 19-21 аралығында «Жасыл экономикаға» өту үшін ынтымақтастық тетіктері. Стратегиядан тәжірибеге» атты конференциясы өтті. Аталған шарада экология мәселері, су қорларын рационалды тұтыну мен халықты сапалы сумен қамтамасыз ету мәселелері және жасыл экономикаға өтудің экономиканың тұрақты дамуы қарастырылды.
Семинарға «Қазақэнергиясараптама» АҚ, ҚР ҚОҚМ, ҚР АШМ, Алматы қаласының әкімдігі, Тұрақты даму үшін Қазақстандық табиғи байлықтарды игерушілер ассоцияциясының, Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының, UNIDO, ҚТКШІА өкілдері де қатысты.
Конференцияда жасыл экономикаға өтудің экономиканың тұрақты дамуына арналған презентациялар мен ұсыныстар талқыланды.
Аталған шарада мемлекттің ресми, бизнес қауымдастығының өкілдерін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандарды біріктіретін тұрақты түрде жұмыс істейтін арнайы алаң құрылды.