Жаңалықтар

Көкшетау қаласында «Энергия тиімді Қазақстан» атты Республикалық суреттер сайысының жеңімпазы марапатталды.

22 қараша 2012 ж.

Көкшетау қаласында қарашаның 21 жұлдызында № 12 орта мектептің салтанатты жиынында 11 «А» сынып оқушысы Гаухар Зарлықты,  «Энергия тиімді Қазақстан» атты Республикалық суреттер сайысының жеңімпазын, марапаттау рәсімі өтті. Бағалы сыйлықтармен марапаттауға орта мектепке «Қазақэнергиясараптама» АҚ Техникалық сұрақтар бойынша вице-президенті Дәуіт Мағауин  және «Қазақэнергиясараптама» АҚ Ақмола өкілдігінің директоры Сәбит Белгібаев келді. Айта кететін жайт, осындай сайыстарды «Қазақэнергиясараптама» АҚ мерзімді түрде жариялап тұрады,  өйткені қазіргі таңда энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру сұрақтары өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

Гаухар, сурет сабағының мұғалімі  Муталлапа Искаковамен бірге,  iPad ғана иегері емес, өз мектебінің жарықтандыру жүйесінің энергетикалық тиімділігін арттыру жөнінде INOGATE Еуропалық бағдарламасының грантын иеленді.

Ғылыми жобалар сайыстарындағы бұл жеңіс № 12 мектептің  үшіншісі. Осы сайысқа дейін Гаухар «SPARE» халықаралық ұйымының грантыне ие болып, қазіргі таңда инновациялық идеялар өз жемісін беруде, атап айтсақ, мектептегі су жылыту қондырғысы жетінші ай бойы өз септігін көрсетіп жатыр.

 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow