Жаңалықтар

Павлодар қаласында Бірінші республикалық семинары өтті

25 маусым 2012 ж.

Павлодар қаласында «Қазақэнергиясараптама» АҚ басшыларының, әкімдік өкілдері, облыстық маслихат, ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау, аймақтың ірі кәсіпорындарының, атап айтқанда  «Қазтрансойл» АҚ, «Қазақстан Алюминий» АҚ, «ЕЭК» АҚ, «ПМХЗ» АҚ, «ҚЭЗ» АҚ, «ПРЭК» АҚ және «Резон» Фирмасы ЖШС-ның басты энергетиктерінің  қатысуымен Бірінші республикалық семинары өтті.

Энергия тиімділік бойынша кешенді жоспардың жүзеге асырылу шеңберінде 2012 жылы 26-шілдеде өз күшіне енетін «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР жаңа Заңын түсіндіру семинары өтті. Семинарды «Қазақэнергиясараптама» АҚ президенті Сұңғат Есімханов мына сөздерімен ашты: «Қазіргі таңда, Республикада энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басты мақсат болып тұр. Өндірістік кәсіпорындарында, электр энергияның 70 % тұтынатын, энергия тұтыну мониторингі енгізілетін болады, энергия менеджменті жүйесі енгізілетін болады, энергия аудиттері өткізілетін болады, сондай-ақ арнайы энергия тұтынуды есептейтін құрылғылары болмайтын объектілердің іске қосылуы тоқтатылатын болады». Қойылған мақсаттарды шешу үшін, ҚР ИЖТМ ұлттық кешенді жоспарын әзірледі, негізгі бағыттары энергия үнемдеу қорын құру, кадрлармен қамтамасыз ету, активті насихат, нормативті-техникалық қамтамасыз етілу, кәсіпорындардың энергия аудиті болып табылады.    

Жоспардың шеңберінде негізгі шаралар: ИСО 50001 энергия менеджменті халықаралық стандартты қолдау және енгізу, КТС төмендету, когенерация, шекті тарифтерді қайта қарастыру және т.б. Энергетикалық факультеттің деканы, техникалық ғылым кандидаты  А.П. Кислов павлодар өкілдігі мен С.М. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің серіктестігі туралы мәлім етті.

Семинардың ресми бөлімнің соңында  «Қазақэнергиясараптама» АҚ алқасы өтті, алқада әр өкілдік бойынша жарты жылдық қорытындысы және  Қоғам дамуының мүмкіндігі мен келешегі айтылды.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow