Жаңалықтар

Шри-Ланкада Энергоменеджмент Жүйесі ИСО 50001:2011 енгізу тренингі өтті

06 наурыз 2012 ж.

Осы тренингті ұйымдастырушы халықаралық ISO (International Organization for Standardization) және SLSI (Sri Lanka Standards Institute) ұйымы. Тренингке дүниенің 11 елінен өкілдер қатысты, оның ішінде Ауғанстан, Әзірбайжан, Бангладеш, Бутан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Непал, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, сондай-ақ, Ирландия мен Аустрия спикерлері. Қазақстаннан «Қазақэнергиясараптама» АҚ-ның энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігі Департаментінің директоры және «КазИнСт» РМК (ҚР ИЖТМ)  мамандары қатысты.

Семинар барысында климаттың өзгеруімен байланысты энергетикалық проблемалар шолулары, энергия тиімділігі бойынша шолулар, энергоменеджментке кіріспе ұсынылды. Қатысушыларға өнеркәсіппроблемалары және әкімшілік кедергілер бойынша интерактивтік жаттығулар берілді. Энергоменеджменттің ИСО 50001 стандарты туралы әңгімеленді, оның негізгі орындаушысы UNIDO. ИСО зерттеуі бойынша стандартты енгізуден үнемдеудің ең аз әлеуеті – 3 %. Энергоменеджментті енгізу кезінде энергоресурстарды тұтынудың мүмкін боларлық төмендеуі әлемде 60 %-ға дейін жетеді.

Семинардың ұйымдастырушылары осы семинардың сала мамандары, мемлекеттік кәсіпорындар және өңірдегі ғылыми орта үшін тәжірибемен алмасуға және энергоменеджментті, келешек ИСО 50001 стандартын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді талқылаудың  жақсы платформасы болғанына сенімді, сондай-ақ, энергоменеджмент және энергия тиімділігі стандарттары саласында Орталық және Оңтүстік Азия өнеркәсіп кәсіпорындары және билік арасында өзара әрекеттесуді жақсартуға көмектесті.

Қазақстан үшін семинарға қатысу ИСО 50001  стандартын және басқа елдердегі энергоменеджмент тетіктерін жүзеге асыру тәжірибесін салыстыруға жақсы мүмкіндік. Әсіресе осы мәселе «Қазақэнергиясараптама» АҚ-ның энергия тиімділігі жөніндегі Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында өзекті болды, оның міндетті тармақтарының бірі 2013 жылы ИСО 50001 оқыту және энергоменеджерлер институтын енгізу болып табылады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow