Жаңалықтар

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде «Қазақстан өнеркәсібінде энергия тиімділігін арттыру» семинары өткізілді

02 наурыз 2012 ж.

Семинарға ірі металлургия, машина жасау, химия зауыттары мен комбинаттарының, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Тенгизшевройл, «ҚТЖ» ҰҚ АҚ, «КЕГОК» АҚ және т.б. басшылары қатысты. Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен кездесуді өткізуге Министрлік «Энергияны үнемдеу туралы» Заңды қабылдағаннан кейін бастамашылық етті, ол 2012 жылдың 26 шілдесінен бастап күшіне енеді. Семинардың мақсаты энергияны үнемдеу туралы Заңның негізгі ережелерін және энергоаудитті өткізу бойынша кәсіпорындардың нақты міндеттемелерін, энергоменеджерлерді енгізу, энергия тиімділігінің стратегиясын әзірлеу, энергия тиімділігі саласында кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау құралдарын, сондай-ақ,  DENA Неміс энергетикалық агенттігімен ұсынылған  Қазақстан өнеркәсібінің энергияжұмсағыштығын қысқарту жолдарын талқылау болды.

Семинарды индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау ашты. Ол бүгінгі күні Қазақстан өнеркәсібінің энергиясыйымдылығы еуропа елдеріне қарағанда 4-5 есе жоғары екенін естеріне салды. Қазақстанның әлемдік рейтингте ЖІӨ энергияжұмсағыштық көрсеткіші – 1,9, ал Жапонияның көрсеткіші – 0,1, Германияда – 0,16. «Елбасы энергияны тұтыну шығындарын қысқарту жөнінде міндеттер қойды. Үкімет кәсіпорындарға міндетті энергия аудитін жүргізу, энергоменеджерлерді енгізу, энергия тиімділігін арттыру жөніндегі стратегияны әзірлеу және т.б.айқын талаптарды белгілейтін энергияны үнемдеу туралы Заң қабылдады. Екінші жағынан, мемлекет энергия тиімділігі бар технологияларды инвестициялаған кәсіпорындарды ынталандырады. Мысалы, мұндай кәсіпорындарға СО2 шығарымына салық мөлшері төмендетіледі, бонустық баллдар есептеледі, бұл белгілі шегерімдер алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, энергия үнемдеу технологиясына жұмсалған шығындардың 50 % дейін қайтарылатын болады»,- деп хабарлады вице-министр.

 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 8 ақпанында Германияда жұмыс сапарымен болғанда, қазақстан-герман ынтымақтастығы жөнінде Келісімге қол қойды, бірінші кезекте өнеркәсіп секторында, оның ішінде энергия тиімділігі саласында. Германия Жапониямен қатар әлемнің энергия жұмсағыш экономикалары рейтингінде алдағы орында. 2020 жылы ФРГ өнеркәсіптің энергия тиімділігін 20 % көтеруді жоспарлауда. DENA Неміс энергетикалық агенттігі басқармасының төрағасы Штефан Колердің пікірінше, Қазақстан өндірістік процесстерді оңтайландыру, салааралық технологияларды қолдану және басқа шаралар есебінен 2015 жылға өнеркәсіптің энергия жұмсағыштығын  қысқартуына болады, бірақ 2012 жылы энергия тиімділік саясатын жүзеге асырудың бірінші қадамы кәсіпорындар үшін энергоменеджерлерді дайындау болуы тиіс. Атап өтетін жайт, ынтымақтастық 2011 жылы басталған болатын, сол кезде DENA және «Қазақэнергиясараптама» АҚ 25 энергия аудиторларын даярлап, кейбір өнеркәсіп кәсіпорындарының энергия аудитін жүргізген.

Колер мырза Неміс энергетикалық агенттігінің, сондай-ақ, басқа да герман энергетикалық ұйымдарының ФРГ Мемлекеттік Банк қолдауымен кадрларды дайындауға жәрдемдесуін, энергия аудитін жүргізу әдістемесін және қазақстандық кәсіпорындарға энергоменеджерлерді  ұсынуға дайындығын білдірді.

Баршаға белгілі, ҚР ЖІӨ энергия жұмсағыштығын 2015 жылға  10 % қысқарту үшін  энергия тиімділігі жөнінде Кешенді жоспар әзірленді және қабылданды. Жоспарды жүзеге асыру барысы туралы «Қазақэнергосараптама» АҚ президенті Сұңғат Есімханов баяндама жасады, олар Кешенді жоспарды әзірлеуші мен үйлестіруші болып табылады. Бүгінгі күні энергияны үнемдеу саласындағы UNIDO, HOWEST, DENA және ENSI атаулы ірі халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастыққа байланысты энергияны үнемдеу саясатын жүзеге асыру үшін кадрларды дайындау басталды. Әзірше дайындалғаны:

–     энергоменеджмент бойынша 20 отандық маман,

–     өнеркәсіпте 10 энергоаудитор,

–     үймереттерде 5 энергоаудитор,

–     энергоаудит пен энергоменеджмент бойынша тренингқа қатысуға Еуропа Одағының 3 гранты алынды,

–     UNIDO жәрдемдесуімен Қазақстанның 10 өнеркәсіп кәсіпорнында энергоменеджмент жүйесі енгізілді,

–     Еуропа Одағының бас сертификаторы – DQS-өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды және ИСО 50001 энергоменеджмент жүйесі бойынша мамандарды оқыту жүргізілуде.

Кездесу соңында Альберт Рау барлық қатысушыларға ынтымақтастық жөнінде нақты ұсыныстар енгізулерін ұсынды. Сонымен қатар, ол мұндай семинарлар жиі өткізілуі қажеттігін атап өтті және Министрлік басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлағанын хабарлады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow