Жаңалықтар

ҚР кәсіпорындарының жетекші энергетиктерінің VII Форумы

28 тамыз 2011 ж.

Форум барысында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Төрағасының орынбасары Несіпкүл Бертісбаев электр энергетикасы саласындағы заң базасы мен нормативті-техникалық құжаттардың жағдайы туралы хабарлады. 2011 жылы  5 шілдеде Ел басшысы электр энергетикасы саласында негізге алынатын НҚА бекіту үшін Үкіметке құзіреттілік берілетін «Тексеруден өтуші субъектілерге талап қоюшы нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудағы уәкілетті органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіреттілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды. Осы Заңды жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментімен бірге электр энергетикасы саласында Премьер-Министр өкімімен ағымдағы жылдың қыркүйек айында бекітілуін жоспарлайтын 32 НҚА әзірлейді.

2011 жылдың  28 қаңтарында Ел басшысының тапсырмасымен «Энергетика объектілерінің жұмыстарын қадағалау мен бақылауды ұйымдастырудың нақты және тиімді жүйесін қалыптастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы дайындалды. Бұл заң энергетика объектілерінің жұмыстарын қадағалау мен бақылау қызметтерін ажыратуға, энергетика объектілерінің сенімді және қауіпсіздік жұмыстары үшін энергетикалық кәсіпорындардың басшылары мен уәкілетті орган жауапкершілігін  күшейту, мемлекеттік энергетикалық бақылау органының қызметін жетілдіру, электр және жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттарын беруде ұсақ және орта бизнес субъектілері үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бірге Министрлік «Электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттеу нарығы субъектілерінің инвестициялық қызметтерінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасын дайындады және Парламентке жіберді. Осы Заң жобасы арқылы елде қуат нарығын енгізу жоспарлануда. Бүгінгі күні Заң жобасы Парламентте қарастырылуда. Осы Заң жобасын қабылдау энергия өндіруші ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға, инвестициялық міндеттемелікті орындау үшін табиғи монополиялар мен реттеу нарығының субъектілерінің жауапкершілігін арттыруына, көрсетілетін  қызмет сапасын арттыру, тарифтік кіріс деңгейіне энергия шығарушы ұйымдардың инвестициялық міндеттілік көлеміне сәйкестігін қамтамасыз ету, энергия өндіруші ұйым қызметінің мөлдірлігін арттыру, тұтынушылардың құқығын қорғауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар Заң жобасын қабылдау бекітілген электр энергиясы мен қуат балансына, Қазақстан Республикасы индустриалды- инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуына сәйкес жаңа электр қуатын енгізуді қамтамасыз етуге мүмкіншілік туғызады. Электр станцияларындағы негізгі жабдықтарының ескірген парктерін жедел түрде жаңартуға мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті парламенттік сессиясына «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заң жобасын енгізу төмендегідей мақсаттарымен жоспарлануда:

1)       отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға сәйкес 2015 және  2020 жылдарға қарай 2008 жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығын 10% және 25% төмендету;

2)       Қазақстан экономикасын дамытудың энергия үнемдеу жолына ауыстыру үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базасын құру. Осы Заң жобасының негізгі жаңалықтары ретінде мыналарды атап өтуге болады:

  • мемлекеттік реттеу механизмдерін енгізу: энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша реттеуші, ынталандырушы және әкімшілік шаралары;
  • бюджеттік ғимараттардың энергия тиімділігін арттыруда жеке инвесторлар қаржыларын тарту үшін мемлекеттік- жеке серіктестік механизмдерін енгізу.

  Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында Заң жобасын Парламентке енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар 2011 жылдың 28 қаңтарындағы Ел басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында шикізатсыз секторларды дамыту мақсатында Республика Үкіметіне энергия тиімділіктің Кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Кешенді жоспарда қарастырылатын негізгі аспектілері ретінде мыналарды атауға болады:

  1. энергия үнемдеу ұйымдарының принциптері;
  2. мемлекеттік билік органдарының міндеттері;
  3. жаңартылатын энергия ресурстарын пайдалану;
  4. энергия үнемдеуді насихаттау және оқыту.

Сонымен қатар мынадай энергия тиімділік жобаларының реті:

  • мөлдір төлем;
  • тиімді жарықтандыру;
  • энергия тиімді тоқсан;
  • энергия тиімді әлеуметтік сектор;
  • энергия тиімді кәсіпорын;
  • энергия тиімді көлік;
  • инновациялық энергетика;
  • халықтың энергия тиімді тұрмысы;
  • жас кезінен білім беру қарастырылады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда электр энергетикасы саласында шамамен 380 нормативтік құжаттарды қарастыру қажет. Осыған байланысты Несіпкүл  Бертісбаев инженер-энергетиктер Одағының қатысушыларына осы НҚА  әзірлеуге тікелей қатысуды ұсынды.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow