Жаңалықтар

Астана қаласында энергия менеджменті сұрақтарын талқылады

26 қыркүйек 2012 ж.

Астана қаласында 2012 жылдың қыркүйектің 25 жұлдызында  ҚР индустрия және жаңа технологиялар минмитрлігімен және  «Қазақэнергиясараптама» АҚ бірге БҰҰДБ/ГЭФ «Жылумен қамтамасыз етудің энергетикалық тиімділігін арттырудың бөгеттерін жою» атты жобасымен  «Жергілікті деңгейде энергия менеджментін енгізу мүмкіндігі» атты дөңгелек үстелі өтті.

Энергия менеджменті дамыған елдер үшін муниципалды саясаттың дамудың негізгі элементі болып табылады.

Еуропаның 350 қалаларының басшылары 2009 жылы мэрлер шарттарына, яғни 2020 жылға дейін атмосфераға парниктік газдарының 20 пайызға төмендеуі және 20 пайызға энергия тұтынуды төмендету туралы келісіміне қол қойды. Осымен еуропа қалаларының басшылығы Еуроодақтың назарындағы климаттың жылынуымен күрес жүргізудің жоспарын қолдады.

Еуропалық қалалардың жаңа энергетикалық саясатының жүзеге асырылуының негізгі құралы ретінде муниципалитетте энергия менеджменті жүйесін енгізу  болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында сарапшылар, билік өкілдері энергия менеджментінің аймақтық  дүниежүзілік тәжірибе талқыланды, Қазақстанның аймақтары үшін  энергия менеджменті жүйесін дамыту концепциясын әзірлеу, ISO 50001 энергия менеджментінің  халықаралық стандартының негізінде энергия тиімділігін арттыру мен энергия үнемдеуді басқарудың жүелік амалының сұрақтары, сондай-ақ энергетикалық тексерісін жүргізу, энергия тиімді технологияларды қолданудың тәжірибесі талқыланды. Қазақстан үшін осы сұрақтарды қарастыру өзекті, атап айтқанда еліміздің Үкіметімен ҚР Энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарына арналған кешенді жоспарын қолдауымен, аймақтарда энергия менеджменті жүйесін ұйымдастыру болып табылады.

 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow