Жаңалықтар

Астанада алғаш рет «Энергия менеджменті» мамандығы бойынша білім бағдарламасы енгізіледі

20 тамыз 2012 ж.

Бүгін  С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде Еуропалық серіктестердің, атап айтқанда, Австрия, Германия, Литва және де Орталық Азия елдерінің қатысуымен «Энергия менеджменті» мамандығының білім бағдарламасы мәселесі бойынша TEMPUS еуропалық жобаның координациялық мәжілісі өтті.

Бүгінгі таңда, Қазақстан үшін энергия менеджменті бойынша жоғарғы білімді мамандарды дайындау өзекті мәселелерінің бірі болып табылады, ҚР «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» жаңа Заңы бойынша ірі кәсіпорын мекемелері халықаралық стандартына сәйкес, энергия менеджменті жүйесін енгізуге міндетті болады.

Осы мәжілістің басты мақсаты, Қащықтықтан оқыту негізінде Қазақстан және Түркменстан ЖОО-да «Энергия менеджменті» оқу бағдарламасын енгізу  болды.

Осы мәжілісте «Қазақэнергиясараптама» АҚ Стратегиялық талдау департаментінің Директоры энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру ҚР саясаты және ИСО 50001 халықаралық стандартының энергия менеджменті жүйесін енгізудің қажеттігі туралы атап айтты.

Қазақстандағы энергия менеджменті саласындағы кадрларды даярлауға бағытталған TEMPUS бағдарламасы бойынша Еуропалық сарапшылардың бағасы берілген болатын. Осы оқу жылы 27 талапкер қабылданыды.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow